«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Тарихи сәт: Данияр Елеусінов әлем чемпионы атанды

Қазақстандық боксшы Данияр Елеусінов (10-0, 6 КО) Нұр-Сұлтанда өтіп жатқан кәсіпқой бокс кешінің хедлайнері атанды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Ол аргентиналық Хуан Эрнан Леалмен (15-1, 4 КО) жартылай орта салмақтағы IBO нұсқасы бойынша әлем чемпионы атану үшін жұдырықтасты. Бұл жекпе-жек он екі раундқа созылды: Елеусінов бірауыздан жеңіске жетті.

Айта кетейік, Данияр бұл жекпе-жекте айқын фаворит саналған және сарапшылардың көпшілігі оның нокаутпен жеңетінін болжаған еді. Жекпе-жек кезінде төреші үш рет Леалдың нокдаунын санады.

Осылайша, Данияр Елеусінов кәсіпқой мансабындағы он бірінші жеңісіне қол жеткізіп, IBO нұсқасы бойынша жартылай орта салмақтағы әлем чемпионы атанды. Қарсыласына келетін болсақ, Хуан Эрнан Леаль кәсіби рингте екінші рет жеңіліске ұшырады.

“Мен олимпиада чемпионы атанып әкемнің арманын орындаған едім, енді кәсіби бокста жеңіске жетіп өз арманымды орындадым”, – деді спортшы.

Осылайша Елеусінов чемпиондық белбеуді алған тарихтағы бесінші қазақстандық спортшы атанды. Бұған дейін бұл ерлікті Василий Жиров, Геннадий Головкин, Жанат Жақиянов және Бейбіт Шүменов жасаған еді.

Ұқсас ақпараттар

Округке әкім тағайындалды

admin_mugalzhar

Қандыағаш кәсіпкерлеріне электронды кассалық аппарат жұмысы түсіндірілді

admin_mugalzhar

Жастар жылы мәресіне жетті

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.