«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Қырыққабат қан қысымының алдын алады — ғалым

Жапон ғалымдары гипертонияның қарқын алуына жол бермейтін және сүйектерді нығайтатын ең арзан көкөністі анықтайтын зерттеу жүргізді, деп хабарлайды Zakon.kz

Rg.ru мәліметінше, қырыққабатта фосфор, магний, калий дәрумендері бар, ал беткі қабаттағы жапырақтарында бета-каротин көп, ол ағзада көздің қабілетін жақсартатын, шырышты қабықтардың, ішкі ағзалардың саулығына әсер ететін, суықтың алдын алуда қажетті А дәруменіне айналады. Фолий қышқылы қызыл қан клеткаларының өніп шығуына, жасушалардың бөлінісіне қажет.

U дәрумені, әсіресе маңызды ағза – ішек пен асқазанның қалыпты жұмысы үшін қажет. Ал К витаминінің коагуляциялық қасиеті бар, ол қан кетуді тоқтатуға көмектеседі. Кальцийдің бай мөлшері сүйектер мен тістерді қатайтуға ықпал етеді.

Қырыққабат антидепрессант болып шықты: оның психикалық қозуды басатын қасиеттері бар.

Жаңалық сипатындағы материалдарды дәрігер тағайындайтын рецептімен теңестіруге болмайды. Қандай да бір дәрі-дәрмек немесе дәрілік сипаттағы өнімді қабылдамас бұрын маманнан кеңес алуды сұраймыз.

Ұқсас ақпараттар

Елімізде екі жылда 40 фильм түсіріледі

admin_mugalzhar

ЖҰМЫСШЫ – МЕРЕЙЛІ МАМАНДЫҚ

admin_mugalzhar

Тұтынушылардың 11 пайызы ғана құқығын қорғау үшін меморгандарға жүгінеді — вице-министр

admin_mugalzhar