«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Қазақстанның 14 өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

20 желтоқсанда Нұр-Сұлтан, Шымкент қалаларында және 12 облыста ауа райы қолайсыздығына байланысты ескерту жарияланды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі «Қазгидромет» РМК мәліметіне сілтеме жасап.

Шымкентте түнде және таңертең найзағай болады деп күтіледі. Оңтүстік-батыстан, оңтүстіктен соққан жел екпіні түнде секундына 15-20 метрге дейін жетеді.

Ақмола облысының солтүстік-батысында және оңтүстік-шығысында тұман түсіп, көктайғақ болады деп күтіледі. Облыстың солтүстік-батысында оңтүстік-батыстан соғатын жел секундына 15-20 метрге жетеді.

Түнде Ақтөбе облысының солтүстік-батысында, оңтүстігінде және шығысында көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан соққан жел екпіні облыстың солтүстік-батысында секундына 15 метрге жетеді

22 желтоқсанға дейін Алматы облысының Алакөл көлдері ауданында оңтүстік-шығыстан 17-22 метр жел соғады, екпіні секундына 25 метр болады.

Жамбыл облысының оңтүстік-батысында секундына 15-20 метр жылдамдықпен, түнде секундына 30 метрге дейін жел соғады. Сондай-ақ, 21 желтоқсанға дейін облыстың солтүстігінде, таулы және тау бөктеріндегі аудандарда тұман мен көктайғақ күтіледі.

Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, солтүстік-батысында көктайғақ, тұман және бұрқасын күтіледі. Облыстың батысы мен солтүстігіндегі оңтүстік-батыстан соққан жел екпіні секундына 15-20 метрге дейін күшейеді. Оралда күндіз көктайғақ, бұрқасын күтіледі, түнде және таңертең тұман түседі, сондай-ақ оңтүстік-батыстан секундына 18 метрге дейін жел соғады.

Түнде батыста, күндіз солтүстікте, шығыста және Қарағанды облысының орталығында көктайғақ және бұрқасын күтіледі.

Қостанай облысының солтүстігі мен оңтүстігінде тұман түсіп, көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан соққан жел облыстың оңтүстігінде секундына 15-20 метрге жетеді.

Қызылорда облысының солтүстігінде және орталығында тұман түсіп, көктайғақ болады деп күтіледі.

Маңғыстау облысының батысында тұман мен көктайғақ күтіледі. Күндіз облыстың оңтүстігінде құмды дауыл күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соққан жел күндіз облыстың батысында секундына 15-20 метрге жетеді. Ақтауда 20 желтоқсанда түнде және таңертең тұман түседі.

Түнде Павлодар облысының оңтүстігінде боран соғып, облыстың солтүстігінде тұман түседі. Күндіз облыстың батысы мен оңтүстігінде көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан, батыстан соққан жел түнде облыстың оңтүстігінде секундына 18 метрге дейін күшейеді.

Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, батысында, шығысында боран, тұман және көктайғақ күтіледі. Күндіз облыстың батысында оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні секундына 15-20 метрге жетеді. Петропавлда көктайғақ болады.

Түнде және таңертең Түркістан облысының таулы аймақтарында жауын-шашын, жаңбыр және қар жауады. Түнде және таңертең облыстың батысында, оңтүстігінде, таулы, тау бөктеріндегі аудандарда найзағай мен тұман күтіледі. Облыстың таулы және тау бөктеріндегі аудандарында оңтүстік-батыстан, оңтүстіктен жел 15-20, түнде таулы асуларда секундына 23-28 метрге жетеді.

Ұқсас ақпараттар

МЕКЕМЕ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ СПАРТАКИАДАСЫ ӨТТІ

admin_mugalzhar

ЖАНАМ ДЕГЕН ЖАСТАРҒА ОТ БЕРЕТІН…

admin_mugalzhar

ЕСТЕЛІКТЕН ЕСКЕН ЗҰЛМАТ ЖЫЛДАР ҚАСІРЕТІ…

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.