«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Қазақстанда балаларға арналған тегін ұшақ билеті бәріне бірдей берілмейді: Талаптары белгілі болды

Биыл тек 20 000 бала тегін демалыс рейсін пайдалана алады. 1 қаңтардан бастап Қазақстанда енгізілген жаңа ережелер жұртшылықты бір қуантты. Бірақ, белгілі болғандай, қуануға әлі ерте. «Kids go free» жобасының белгілі бір шарттары бар. Бұл туралы “Евразия бірінші” арнасы хабарлайды.

«Kids go free» жобасы 2019 жылы қолға алынғаны белгілі. Балалар ұшақпен тегін ұшады деп қуантты. Алайда жұрт ойлағандай барлық балаға тегін ұшақта ұшу билеті берілмейді. Тек 2 жастан 17 жасқа дейінгі балаларға туристік агенттіктен туристік пакет сатып алған жағдайда тегін болмақ. Туристік пакетке жатар орны, тамақтану, экскурсиясы кіру керек. Ал туристік агенттікке соманы мемлекет өтейді.

“Бұл жоба ең бірінші кезекте туризмді дамыту мақсатында қолға алынды. Сондықтан тек туристік пакет алған жағдайда ғана балалар тегін ұша алады. Басқа жағдайда мүмкіндік жоқ”, – деді “KAZAKH TOURISM” ҰК басқарма төрағасының орынбасары Қайрат Сәдуақасов.

Жоба жайлы естіген жұрт туристік агенттіктерге хабарласып, кезек алғысы келеді. Алайда оның қандай шарттары бар екенінен бейхабар.

Бұл жобаға барлық туристік агенттіктер де қатыса алмайды. Тек сыртқы және ішкі туризмге лицензиясы барлар ғана қатысады.

Биыл «Kids go free» жобасына 358 000 миллион теңге бөлінді. Есеп бойынша бұл тек 20 мың қазақстандық баланың шығынын өтей алады. Ал біздің елде балалардың саны 2 миллионға жуық.

Ұқсас ақпараттар

БАСТЫ МАҚСАТ — БАЛА ҚАУІПСІЗДІГІ

admin_mugalzhar

МЕМЛЕКЕТТІҢ КЕШЕНДІ ӨЗГЕРУІНЕ БАҒЫТТАЛЫП ОТЫР

admin_mugalzhar

Ақтөбеде карантин жеңілдеді

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.