«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

АУДАН ӘКІМІ ЕМБІЛІКТЕР АЛДЫНДА ЕСЕП БЕРДІ

Мұғалжар ауданының әкімі Асқар Шериязданов Ембі қаласының тұрғындары алдында 2021 жылы аудан көлемінде атқарылған жұмыстары туралы есеп беріп, аудан әкімдігінің алға қойылған жоспарларымен бөлісті.

Ембі қалалық әкімдігінде өткен есепті кездесуде Ембі қаласының әкімі Әлімжан Қорғанбай өткен жылы Ембі қаласында атқарылған жұмыстарға тоқталып өтті. 2021 жылы Ембі қаласында бірқатар ауқымды істер атқарылды. Атап айтқанда, Б.Момышұлы көшесі №11 үйге күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп, 45 пәтері халық игілігіне берілді. Ж.Тлепбергенов көшесін асфальттау жұмысы және биотазарту құрылысы аяқталды. Ангар типті спорт кешені салынып, пайдалануға берілді. Ембі қаласының 32 көшесіне диотты көше шамдарын орнату жұмыстары басталды. Өткен жылы Ембі қаласының 30 тұрғыны қайтарымсыз грантқа ие болып, өз кәсіптерін бастағанын атап өтті.

Аудан әкімі Асқар Шериязданов ауданда атқарылған жұмыстарға тоқтала келе биыл Ембі қаласында заман талабына сай 3 қабатты 320 орындық мектеп құрылысы аяқталатынын, орталық стадионға 500 отырғышы бар трибуналар, спортшыларға арналған шешініп, киінетін орындар, төрт жолақты жүгіру жолдарын салуға және №7 орта мектеп жанынан жаңа заман талабына сай спортзал салу үшін жобалау-сметалық құжаттар дайындалып жатқанын баяндады. Сонымен қатар Б.Момышұлы көшесіндегі №15 үйдің күрделі жөндеу жұмыстары жұмыс кестесіне сәйкес биылғы жылы аяқталып, кезекте тұрған тұрғындарға берілетіндігін жеткізді.

Кездесу соңында аудан әкімі Ембі қаласы тұрғындарының ұсыныстарын тыңдап, сауалдарына жауап берді.

Ұқсас ақпараттар

ЕЛІМІЗДЕ ЖЫЛ СОҢЫНА ДЕЙІН ИНФЛЯЦИЯ 15%-КЕ ЖЕТУІ МҮМКІН

admin_mugalzhar

«АСЫЛ ДӘРІГЕР» МЕДАЛІМЕН МАРАПАТТАЛДЫ

admin_mugalzhar

ҚАЛА ТЫНЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.