«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

АУЫЛДАРҒА ҰЯЛЫ БАЙЛАНЫС МҰНАРАЛАРЫ ОРНАТЫЛАДЫ

Осы уақытқа дейін ғаламторды еркін пайдалану кейбір ауыл тұрғындары үшін қолжетімсіз болып келсе, бүгінде бұл мәселенің оңтайлы шешімін табуы үшін бірқатар жұмыстар қолға алынды. ⠀
Атап айтсақ, биыл аудан бойынша Еңбек, Көтібар батыр, Жаңатұрмыс, Ақсу, Құмсай ауылдарына ұялы байланыс мұнаралары (вышка) орнатылады. Мұнараларға тиісті қаражат аудандық бюджет есебінен қарастырылады. Аудан әкімдігі тарапынан «Kcell» мен «Beeline» ұялы байланыс жүйелерінің бас директорларымен келіссөздер жүргізілді. Соның нәтижесінде жұмыстар кезең-кезеңімен жүзеге асырылмақ.⠀
Осы бағыт бойынша жұмыстарды «Қазақтелеком» және «Транстелеком» мекемелері жүргізетін болады. Бұл жоба іске асырылғаннан кейін жоғарыда аталған елді мекен тұрғындары мен мектеп оқушылары үшін ғаламтор желісін еш қиындықсыз пайдалу мүмкіндігі туады.⠀

Ұқсас ақпараттар

«МЕНІҢ ҚАЗАҚСТАНЫМ»: Республика күні аталып өтті

admin_mugalzhar

ЖАС БОКСШЫЛАРҒА АРНАЙЫ КИІМДЕР ТАБЫСТАЛДЫ

admin_mugalzhar

1 ҚАЗАННАН БАСТАП ӘЛЕУМЕТТІК НЫСАНДАРҒА ЖЫЛУ БЕРУ БАСТАЛДЫ

admin_mugalzhar