«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

АУДАН ӘКІМІНІҢ ЖҰМЫС ТОБЫ АУЫЛ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ

Құмсай ауылының тұрғындарымен кездескен жұмыс тобының құрамында аудан әкімінің орынбасары Бекболат Құлмағамбетов, аудандық қоғамдық кеңестің хатшысы Төлеулі Махимов, аудандық мәслихат депутаты Сергей Ведюшкин, аудандық тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы және автомобиль жолдары бөлімінің бас маманы Айдос Қалимағанбетов болды.⠀

Жиынға Құмсай, Ащысай, Егіндібұлақ ауылдық округтерінің әкімдері және Құмсай ауылының тұрғындары қатысты. Кездесуде жұмыс тобының мүшелері ауыл тұрғындарының өтініштерін тыңдап, ұсыныстарын қабылдады. Ауыл тұрғындары ауылдық дәрігерлік амбулаториясының жедел жәрдем көлігінің тозығы жеткендігін, Құмсай-Бұлақты, Құмсай-Ащысай бағыттарындағы ауыларалық жолдармен қыс мезгілінде қатынау қиын екендігін айтты.⠀
Аудан әкімінің орынбасары Бекболат Құлмағамбетов осы жылы Ақтөбе облыстық денсаулық сақтау басқармасының қолдауымен Мұғалжар ауданына жедел жәрдем көліктері берілетіндігін айтып, сол кезде жаңадан алынатын жедел жәрдем көліктерінің бірі Құмсай ауылдық амбулаториясына бөлінетіндігін жеткізді. Сонымен бірге өткен жылы аудандық төтенше жағдайлар бөліміне «Трэкол» арнайы автокөліктері алынып берілгендігін айтып, ауа райының қолайсыздығы кезінде кез келген қиын жағдайға тап болған жолаушылар төтенше жағдайлар бөліміне хабарласу керектігін ескертті.⠀
Кездесу барысында ауыл тұрғындары былтырғы жылы басталған орталықтандырылған ауыз су жүйесінің қашан іске қосылатындығын сұрап, интернет желісінің жылдамдығы нашар екенін де жеткізді. Жұмыс тобының мүшесі, аудандық тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы және автомобиль жолдары бөлімінің бас маманы Айдос Қалимағанбетов Құмсай ауылына өткен жылы басталған орталықтандырылған ауыз су жүйесін кіргізу жұмыстары биыл аяқталатынын тілге тиек етті.⠀

Ұқсас ақпараттар

Қазақстанда мұқтаж жандар үшін жалдамалы пәтердің 80%-ы төленуі мүмкін

admin_mugalzhar

Ақтөбедегі «Көрпе Fest» фестивалінде жүздеген шебер құрақ көрпе тікті

admin_mugalzhar

Дархан Сатыбалды Түркістан облысының әкімі болып тағайындалды

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.