«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Екі жоба бойынша еңбекақы көтеріледі

Өткен жылы облыста халықты еңбекпен қамту мақсатымен жүргізілген кешенді іс-шаралардың нәтижесінде 51,7 мың жаңа жұмыс орны құрылды, оның 66 пайызы — тұрақты жұмыс орны.

Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметі орталығында өткен тікелей эфирде айтылды. Әлеуметтік желілердегі aqtobe_press парақшасы арқылы таралған тікелей эфирге облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Асланбек Шүйіншалиев қатысып, өңір тұрғындарын еңбекпен қамту үшін жасалып жатқан жұмыстар жөнінде баяндады.

Былтыр «Еңбек» бағдарламасын жүзеге асыру аясында 56 мың азамат табыс көзімен қамту шараларына тартылған. Соның ішінде 993 адам қысқа мерзімді кәсіптік оқуға жіберіліп, оқуды аяқтағаннан кейін олардың829-ы жұмысқа орналасты.

Өзінің бизнес-идеяларын іске асыру үшін 1455 адамға қайтарымсыз  грант берілген, олардың ішінде 461 жас кәсіпкер бар. Қайтарымсыз грант беру үшін жұмсалған қаржының жалпы көлемі — 840,6 миллион теңге.Сондай-ақ900 жоба бойынша шағын несие берілген. Бұл үшін 4,2 миллиард теңге қаржы жұмсалыпты.

Былтыр облыста жыл бойы 113 бос орындар жәрмеңкесі ұйымдастырылып, сол арқылы 2332 адам жұмысқа орналасқан.

2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба аясында биылғы 1 ақпанға дейін табыс көзімен қамту шараларына 2657 адамтартылған.Оның ішінде928 адамтұрақты жұмысқа орналасты.

— Мемлекет басшысы  Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыссыздықты, әсіресе жастар арасындағы жұмыссыздықты азайтуға ерекше көңіл бөлуді тапсырған еді. Соның ішінде «Жастар тәжірибесі» мен «Алғашқы жұмыс орны» жобаларының  мерзімін созып, еңбекақысын көтеру тапсырылды. Осыған орай аталған жобалар бойынша еңбекақыны 30 айлық есептік көрсеткішке (91 890 теңге) көтеріп, «Жастар тәжірибесі» жобасының мерзімін — 12 айға дейін, «Алғашқы жұмыс орны» жобасының мерзімін 18 айға дейін ұзарту жөніндегі өзгерістер енгізу бойыншаәзірленген тиісті ережелер бекітілді, — деді Асланбек Шүйіншалиев.

А.САРЫБАЙ, «Ақтөбе» газеті.

Ұқсас ақпараттар

Балабақша жабылса, қызметкерлер жұмыссыз қала ма?

admin_mugalzhar

«Зейнетақы шотын бұғаттайды»: Абайлаңыз, алаяқтардың жаңа түрі шықты

admin_mugalzhar

Қараша айына арналған жұлдыз жорамал

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.