«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Қазақстанда қоғамдық кеңестердің бірыңғай порталы іске қосылады

Қоғамдық кеңестер қызметін дамыту үшін ҚР Ақпарат және әлеуметтік даму министрлігі арнайы сайт жасады. Бұл туралы ОКҚ-да өткен баспасөз конференциясында TALAP қолданбалы зерттеулер орталығының директоры Рахым Ошақбаев мәлімдеді, деп хабарлайды zakon.kz тілшісі.

Орталық директорының айтуынша, қазір қоғамдық кеңестердің едәуір бөлігінің «белгілі бір дәрежеде аса белсенділік танытпайтыны» байқалады. Бұл, бәлкім, бір жағынан, қоғамдық кеңес мүшелерінің әрекетсіздігіне қатысты болуы мүмкін. Екінші жағынан, олардың қызметі туралы ақпарат жеткіліксіз.

Осы тұрғыда біз заңнамада қарастырылғандай, барлық қоғамдық кеңестердің қызметі туралы ақпарат беретін бірыңғай алаң ретінде АҚДМ-ның kazkenes.kz бірыңғай порталын құру туралы бастамасын құптаймыз, — деді Ошакбаев.

Оның айтуынша, бұл портал жақын арада өз жұмысын бастайды.

Бұл кең жұртшылыққа, ең алдымен журналистер қауымына әртүрлі деңгейде қаралатын мәселелердің жиналыстағы хаттамасына қол жеткізуіне мүмкіндік береді. Жұртшылық та, бұқаралық ақпарат құралдары да пайдалана бастауы және порталдың маңызды және сенімді ақпарат көзіне айналуы үшін біраз уақыт қажет, — деп атап өтті спикер.

Ол бұл порталдың мазмұны қоғамдық кеңестер хатшыларының, қоғамдық кеңестер мүшелерінің белсенділігіне байланысты болатынын қоса айтты.

Оның көзқарасынша, бұл институттың дамуының келесі кезеңінде бүкіл республиканы қамтитын, кемінде жыл сайын немесе тоқсан сайын үлкен кездесулер, тренингтер өткізу маңызды.

Ұқсас ақпараттар

ПРИЧИНОЙ ПОЖАРА СТАЛ ПОДЖОГ

admin_mugalzhar

Коронавирус: Жапонияда 3500 жолаушы кемеден шыға алмай отыр

admin_mugalzhar

Ж.БАТЫРХАН: КАЧЕСТВО ОБРАЗОВАНИЯ -ЗАЛОГ УСПЕХА

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.