Бұл туралы ҚР ІІМ Ақпараттандыру және байланыс департаментінің бас маманы Әділ Сәрсенов ІІМ-нің дәстүрлі брифингінде айтты.
Сәрсеновтың айтуынша, қосымша арқылы полицияның кейбір сервистері және анағұрлым сұранысқа ие мәселелер бойынша анықтамалық ақпарат алу мүмкіндіктері кеңейтілді.
Сонымен қатар VIN нөмірін және мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісін енгізу арқылы көлік құралының тарихы туралы ақпарат алу сервисі іске қосылды. Функционал іске қосылған сәттен бастап азаматтардан 5 мыңдай сұрау салу келіп түсті және өңделді.Шынында да, өткен жылдан бастап біз қоғамдық орындарда «SOS түймесі» дабыл жүйесін орнату бойынша жұмыстар жүргізіп жатырмыз.Олар жедел басқару орталықтарына немесе құрылғылардың орналасқан жері бойынша кезекші бөлімге қосылады, бұл өз кезегінде оқиға орнынан жедел аудио-бейне байланыс арқылы азаматтардан ақпарат алуға мүмкіндік береді, — деді ол.
baq.kz