«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

БАҒА ТҰРАҚТАНДЫРУ ҚОРЫНАН АЗЫҚ-ТҮЛІК ӘКЕЛІНУДЕ

Бүгінде әлеуметтік маңызы бар негізгі азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру мақсатында азық-түлік дүкендерімен меморандумға отыру жұмыстары жүргізілуде.

Қандыағаш қаласында орналасқан «Mango», «Дана+», «Дина супермаркеті», «Айгерім», «Ырыс» азық-түлік дүкендеріне аптасына бір мәрте мониторингтік жұмыстар жүргізіліп тұрады. Ол туралы ауылшаруашылық және кәсіпкерлік бөлімінің маманы Сәндігүл Адайбай айтты.

— Негізгі азық-түлік тауарлары бағаларын бақылау есебі күн сайын облыстық кәсіпкерлік басқармасына тапсырылып, салыстырмалы талдау жүргізіліп отырады. Әлеуметтік маңызы бар 19 түрлі тауар бағасын үнемі қадағалап отырмыз. Тауар бағасы көтеріліп, шектік деңгейден асқан жағдайда облыстық басқармаға хат жазылып, жұмыстар жүргізіліп отырады. Сонымен қатар, сенбі-жексенбі күндері ауданда бағаны тұрақтандыру мақсатында жәрмеңке ұйымдастырылады. Ауданымызда азық-түлік бағасын қымбаттатпау үшін жеке кәсіпкерлермен бірлесе отырып, облыс әкімінің баға тұрақтандыру қорынан 1655 кг картоп, 263 кг сәбіз, 200 кг пияз, 262 кг орамжапырақ, 125 кг күріш, 75 дана күнбағыс майы әкелінді, — деді ол.

Ұқсас ақпараттар

«Мұғалжар»: тоқсан жылдық белесте

admin_mugalzhar

Таиланд коронавирусқа байланысты төтенше жағдай режимін ұзартты

admin_mugalzhar

У.КОЙШИГАРИН: ОТКРЫТЬ СВОЕ ДЕЛО МОЖНО — БЫЛО БЫ ЖЕЛАНИЕ

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.