«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

«АҚТӨБЕ – ҚАНДЫАҒАШ» ТАС Өңір ЖОЛЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ЖАЛҒАСАДЫ

Өткен жылы «Ақтөбе — Қандыағаш» тас жолының құрылыс жұмыстары басталған болатын. Осыған орай кеше облыс әкімі Оңдасын Оразалин аталған автокөлік жолын қалпына келтіру жұмыстарын жалғастыруға байланысты жиын өткізді.

Жиынға жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Айбек Қайыр, «ҚазАвтоЖол» АҚ-ның  Ақтөбедегі филиалының директоры Марат Махамбетов және мердігер мекемелердің басшылары қатысты. Өткен жылы басталған жол құрылысының биыл 11-ден 52 шақырымға дейінгі учаскенің жұмыстарын «Сине МидасСтрой» ЖШС БК мердігер ұйымы жалғастырады. «Бүгінде жер төсемін жайластыру жұмыстары 72% орындалды. 16 байланыс желісі, 1 газ құбыры мен 2 суқұбырыкөшірілді. Жолқұрылысы материалдарын дайындау жұмыстары басталды», — деді аталмыш ЖШС БК директоры Ахмет Будан. Сонымен қатар 52-ден 100 шақырымға дейінгі учаскені қалпына келтіру «Ақжол Құрылыс» бірлестігіне, «АзВирт» ЖШҚ-на, «Ассана ДорСтрой» ЖШС-не сеніптапсырылды. «АссанаДорСтрой» ЖШС-нің құрылтайшысы Владимир Гринберг аталған учаскеде жер төсемін жайластыру 52 пайызға, төменгі және жоғарғы қабаттары 35 пайызға орындалғанын айтты. Облыс әкімі құрылыс жұмыстарына жауаптыларға жұмыстардың сапасы мен мерзімін ерекше бақылауда ұстауды, құрылыс-монтаждау жұмыстары аяқталғанша көлік құралдарының төртжолақты жолдың ендігі асфальтбетон жабындысы бар екіжолақты жолында кедергісіз қозғалысын қамтамасыз етуді тапсырды.

Ұқсас ақпараттар

ӨШПЕС ЕРЛІК

admin_mugalzhar

Экология министрі мен облыс әкімі Бестамақ ауылы тұрғындарымен кездесті

admin_mugalzhar

2 МЫҢЖАС ЕҢБЕК ЖАСАҚТАРЫНА ТАРТЫЛАДЫ

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.