ҚАЗАҚ ҮШІН ЖАТ БОЛҒАН АЖЫРАСУ БҮГІНДЕ ҚАЛЫПТЫ ЖАҒДАЙҒА АЙНАЛЫП БАРАДЫ. ОЛАЙ ДЕУГЕ НЕГІЗ ДЕ ЖОҚ ЕМЕС. РЕСМИ ДЕРЕКТЕРГЕ СҮЙЕНСЕК, ҚАЗАҚСТАН ӘЛЕМ ХАЛЫҚТАРЫ ІШІНДЕ АЖЫРАСУДАН ЕКІНШІ ОРЫНДА ТҰР. ЕЛІМІЗДЕ АЖЫРАСУ КӨРСЕТКІШІ 2024 ЖЫЛДЫҢ БАСЫНДА 1000 АДАМҒА ШАҚҚАНДА 4,6-НЫ ҚҰРАҒАН. ЖЫЛ БАСЫНАН БЕРІ 120 МЫҢНАН АСТАМ ЖҰП НЕКЕ ҚИДЫРСА, 17 МЫҢҒА ЖУЫҚ ЖҰПТЫҢ НЕКЕСІ БҰЗЫЛЫП, ЕКІ ЖАҚҚА КЕТКЕН. АЛ АУДАНДАҒЫ АХУАЛ ҚАНДАЙ? ЕРЛІЗАЙЫПТЫЛАРДЫҢ АЖЫРАСУЫНА ӘДЕТТЕ НЕ СЕБЕП? ОСЫ ЖӘНЕ ӨЗГЕ ДЕ СҰРАҚТАР ТӨҢІРЕГІНДЕ БҮГІНГІ МАҚАЛАМЫЗДА ТАРҚАТАМЫЗ.
АУДАНДА 193 ЖҰПТЫҢ НЕКЕСІ СОТ АРҚЫЛЫ БҰЗЫЛҒАН
Мұғалжар аудандық соты мамандарының берген мәліметтеріне сүйенсек, осы жылдың 11 айында сотқа неке бұзу туралы жалпы саны 212 талап арыз келіп түскен. Оның 193-і некенің бұзылуымен аяқталған. Аудандық сот төрағасы Арыстан Жәмиевтің айтуынша, бүгінде сотқа арыз түсірген ерлі-зайыптылардың көпшілігі мінездерінің сәйкес келмегенін және тіл табыса алмағанын алға тартады. Ал сот ісі барысында бұдан өзге түрлі себептердің бары анықталады екен.
— Бұрындары ерлі-зайыптылардың ажырасуына көп жағдайда ішімдік себеп болатын. Ал бүгінде ажырасу себептері түрленген. Атап айтатын болсам, ерлі-зайыптының біреуінің құмар ойынға, бәс тігуге, есірткіге, психотроптық заттарға салынуы, атааналық мiндеттерiн орындаудан жалтаруы, оның iшiнде отбасын материалдық жағынан қамтамасыз етпеуі, ерлі-зайыптылардың отбасылық өміріне үшінші тұлғалардың араласуы, яғни ата-аналары, туыстары, достары, сондай-ақ материалдық қиындықтар мен отбасында зайыбына немесе жұбайына опасыздық жасау деректері, — деді Арыстан Жәмиев.
Сот төрағасының айтуынша, сотқа некені бұзу туралы істер келіп түскенде татуластырушы-судья 10 жұмыс күні ішінде татуластыру рәсімін жүргізеді. Егер бұл рәсім оң нәтижебермесе, ісавтоматтытүрде басқа судьяға беріледі. Кейін судья азаматтық іс қозғап, 20 жұмыс күнінің ішінде істі сот талқылауына дайындайды. Ал дайындық аяқталғаннан кейін істі қарауға екі ай мерзім беріледі. Егер осы кезеңде бір тарап некені бұзуға қарсы болса, онда олардың татуласуына 6 айға дейін мерзім беріліп, сот отырысы кейінге қалдырылады. Сот төрағасы Арыстан Шағбанұлы неке және отбасылық дауларды, соның ішінде неке бұзу істерін облыс орталығындағы кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттың қарайтынын жеткізді.
—Бұл соттың қарауына аталған дауларды берудің негізгі мақсаты — тараптардың отбасын сақтап қалуына жағдай жасау. Біз бұны «Отбасылық сот» депатаймыз. Отбасылық сот – қоғамдағы ажырасуды азайту, дау-дамайлардың мөлшерін қысқартып, отбасы институтын сақтап, одан әрі дамытуға бағытталған. Отбасылық сот қарайтын істердің басым көпшілігі татуластырумен аяқталып, ол өзінің тиімділігін көрсетіп отыр. Мұндағы басты мақсат – ерлі-зайыптылардың ажырасу жөніндегі талап арыздарын қарау емес, керісінше, отбасын сақтап қалу және оны сауықтыру, шаңырақта қалыптасқан мәселелерді шешуге, өзара татулыққа жеткізу. Негізі облыс бойынша ажырасуға ниет білдірген барлық адам осы сотқа жүгінуі керек. Дегенмен біз тұрғындардың материалдық және денсаулық жағдайына қарап, осы жерде де қабылдай береміз, — деді Арыстан Шағбанұлы.
Сот төрағасы ажырасу ісі кезінде ортақ балаларға ата-ананың екеуі де бірдей құқылы екенін айтты. Себебі заң барлығына ортақ. Сондай-ақ, балаларды тәрбиелеуге байланысты дауды шешу барысында бала жасына қарамастан, оның ойын еркін білдіруіне, сот барысында пікірін тыңдауға құқылы. Заңға сәйкес, сот процесінде он жасқа толған баланың пiкiрi міндетті түрде ескерiледі.
—Дегенмен ажырасу ісі кезінде соттар әлеуметтік тұрғыда балалардың аналарымен қалғанын құптап шешім шығарады. Айталық, психологтар да баланың анасының жанында болғаны дұрыс деген шешімде. Ананың орнын әлде біреудің баса алмайтыны анық. Егер анасы ішімдікке салынып, балаларына жеткілікті деңгейде көңіл аудара алмайтын жағдай орын алса, балалар әкесінің тәрбиесіне беріледі, — деді Арыстан Шағбанұлы.
Сот төрағасы бүгінде ажырасқан ер адамдардың арасында баласына тиесілі алиментті төлемей, жалтарып жүргендердің қатары көбін тілгетиекетті. Оның сөзінше, бүгінде 2024 жылдың 11 айындағы есеп бойынша 111 адам алимент төлеуге шешім шығарған.
—Баланы асырау – ата-ананың заңмен бекітілген міндеті, бұл жерде ата-ананың некеде болуы, азаматтық некеде немесе ажырасқан болуы маңызды емес. Қазіргі таңда жауапкершілік танытпайтын ата-аналардың баласына төлемей жүрген алименті үлкен мәселелердің бірі болып отырғаны жасырын емес. Алименттер ай сайын ата-анасының еңбекақысынан немесе өзге табысынан заңмен белгіленген мөлшерде төленуі тиіс. Алимент өндіру ісімен сот орындаушылары айналысады. Бүгінде алимент қарызы 3-4 млн-нан асқан борышкер әкелердің көп екенін айтқым келеді. 2023 жылы 139 тұлғаға, 2022 жылы 115 тұлғаға алимент төлеуге сот шешім шығарды, — деді ол.
180 ЖҰПТЫҢ НЕКЕСІ ҚИЫЛДЫ
Ендінекені тіркеудеректерінекелсек, ауданда осы жылдың 11 айында 180 неке тіркелген. Бұл туралы Мұғалжар аудандық Азаматтық хал актілерін тіркеубөлімініңбасшысыЖанар Кужахметова айтты.
—АХАТ — азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыратын жергілікті атқарушыорган. Бүгінде азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеуді ұйымдастыру қағидаларынаөзгерістер енгізіледі. Атап айтатын болсам, неке қиюға өтініш бергеннен кейін тіркеу күнін белгілеу мерзімі бір айдан 15 күнге дейін қысқартылды. «Неке – некеге тұруға тілек білдірген адамдардың қатысуымен 15 күнтізбелік күні неке қию туралы бірлескен өтініш берілгеннен кейін келесі жұмыс күнінен бастап есептеледі, — деді ол.
Аталған мекеме неке қиюдан өзге туудытіркеу, некені бұзу секілді қызметтерді де көрсетеді. Бөлім басшысы 2024 жылдың желтоқсан айына дейін 25 некенің бұзылғанын мәлімдеді.
— Жыл сайын аудан бойынша орташа есеппен 300-ге жуық жас некелерін қидырса, 30-ға жуық жұп некелерін бұзады. Атап айтатын болсам, 2022 жылы 248 жұп некеге тұрса, 33 жұп некелерін бұзды. Ал 2023 жылы 228 ерлі-зайыпты некеге тұрып, 15-і ажырасып кетті. 2024 жылы 180 жұп неке қидырып, 25 жұп ажырасты. Аудандық АХАТ бөліміне кәмелетке толмаған ортақ балалары жоқ ерлі-зайыптылардың екеуі де ажырасуға келіскенде және олардың өзара, соның ішінде мүлікке қатысты, талаптары болмаған жағдайда жүгінеді. Соңғы жылдары балалары кәмелеттік жасқа толып, есейіп кеткен, жастары 60-қа жақындаған ерлі-зайыптылардың ажырасуы кездеседі. Себебін сұраған сәтте ер азаматтардың ішімдікке салынып, отбасына жауапкершілік танытпайтыны анықталады, — деді бөлім басшысы Жанар Кужахметова.
АЖЫРАСУҒА ТҰРМЫСТЫҚ ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚ ТА СЕБЕП
Ажырасу тақырыбы қозғалғанда тұрмыстық зорлық-зомбылық мәселесін қозғамай кетпеуге болмайды. Отбасындағы зорлық-зомбылық фактілері көбіне жабық күйінде қалатыны жасырын емес. Көп әйелдер мен балалар ұзақ жылдар бойы отбасында теперіш көрсе де, шындықты айта бермейтіні сөзсіз. Бұл туралы айтқан аудандық полиция бөлімі Әйелдер зорлық-зомбылық қорғау тобының инспекторы, полиция капитаны Жания Қожахметова отбасындағы зорлық-зомбылықты болдырмау және алдын алу мақсатындатүрлі семинарлар мен тренингтердің өткізіліп тұратынын мәлімдеді. Оның сөзінше, аудандық полиция бөліміне осы жылдың 11 айында тұрмыстық зорлық-зомбылық әрекеттері көрініс тапқан 361 іс тіркелген.
Мұғалжар ауданы полиция бөлімінде отбасы шырқын бұзуға бейім тұлғалар есебінде қорғау нұсқамасы бойынша 251 адам тіркелген. Оның ішінде ерекше талап қойылғандар саны – 145, қолайсыз отбасы – 18. Алкогольдік ішімдікпен мәжбүрлі түрде емдеу мекемесіне 6 айдан 1 жылға дейін мәжбүрлі түрде емделуге аудандық соттың шешімімен 24 тұлға жолданды, — деді ол.
Бүгінде полиция қызметкерлері тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу үшін отбасы шырқын бұзуға бейім тұлғалармен жеке сөйлесулерөткізіп, бақылау жүргізіп отырады. Азаматтардың көп жиналатын орындарында, дүкендерде тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу жөніндегі буклеттер таратады.
—Тұрмыстық зорлық-зомбылық үшін әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік күшейтілді. Отбасылық жанжал болған жағдайда ескерту немесе 5 тәулікке қамауға алынады. Бір жыл ішінде қайталанатын болса, ескерту берілмей 10 тәулікке, ұрып-соғу дерегі тіркелсе, 10 тәулікке, қайталанса, 20 тәулікке, денсаулыққа жеңіл зиян келтіргені болса, 15 тәулікке, қайталанса, 25 тәулікке қамалады. Бұрын қорғау нұсқамасын бұзған жағдайда ескерту беріліп, 5 тәулікке қамалса, қазір ескерту алынып тасталып, 10 тәулікке дейін ұзартылды. Мінез-құлқына ерекше талаптар қойылған жандар бұрын 5 АЕК айыппұл төлесе, ал қазір алынып тасталды. Ал қамаудың мерзімі 5 тәуліктен 10 тәулікке ұлғайтылды. Бұзу қайталанса, 20 тәулікке қамалады, — деді полиция капитаны Жания Әбубәкірқызы.
Нұрғаным КЕСІКҚҰЛ