«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

КӨКТЕМГІ СУ ТАСҚЫНЫНА ДАЙЫНДЫҚ ПЫСЫҚТАЛДЫ

Көктемгі су тасқынының алдын алу шараларын қазірден бастау қажет. Бұл туралы Ембі қаласында аудан әкімі Асқар Шерияздановтың қатысуымен өткен жиында айтылды. Бүгінгі таңда Ембі қаласының аумағынан су арналары мен суағарларды тазарту жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Жиында көктемгі су тасқыны жағдайларына жол бермеу бойынша дайындық іс-шаралары талқыланды. Қазіргі уақытта аудан бойынша қалалық және ауылдық округтерде су тасқынына қарсы дайындық жұмыстары басталды.
Су тасқынына қарсы тиісті шаралар дер кезінде атқарылуы тиіс. Жиын барысында аудан басшысы Ембі қаласындағы 43 мекеме, кәсіпорын басшыларына және төтенше жағдайлардың алдын алуға жауапты мамандарға бірқатар тапсырмалар жүктеді.

Ұқсас ақпараттар

WhatsApp-та көптен күткен функция іске қосылды

admin_mugalzhar

МЫ ДОЛЖНЫ ДЕЛАТЬ ЖИЗНЬ НАШИХ ЖИТЕЛЕЙ КОМФОРТНОЙ

admin_mugalzhar

Телефонный террорист «заминировал» вокзал в Актюбинской области

admin_mugalzhar