«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

КЕН ОРНЫНДА ЖЕРГІЛІКТІ ЖҰМЫСШЫЛАРДЫҢ ҮЛЕСІ АРТУДА

Алтынды ауылына іс-сапар барысында аудан әкімі А.Шериязданов «AltynEx Company» АҚ директоры О. Түзелбаевпен кездесіп, атқарылып жатырған жұмыстары бойынша есебін тыңдады. Компания басшылығының мәліметі бойынша үш жыл бұрын жергілікті жұмысшылардың үлесі 40 пайыз болса, қазіргі таңда 70 пайызға жеткізілген.

Сапар барысындағы кездесуде жұмысшылардың тамақтануы мен тұрмыстық жағдайлары, жататын орындары, ұзындығы 55 шақырым болатын Алтынды-Ембі жолын күтіп ұстау және жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері қаралды.
Қазіргі таңда Мұғалжар ауданының әкімдігі «AltynEx Company» АҚ және «КазГеоРуд» ЖШС-мен аталмыш жолды күтіп ұстау сондай-ақ Ембі қаласы маңында орналасқан «Әулие» көпірін ретке келтіру бойынша келіссөздер жүргізуде.

Алтындыдағы кеніште вахталық әдіспен 600-ден астам адам жұмыс істейді.
Өткен жылы облыс әкімдігі мен компания арасында жасалынған меморандум негізінде және бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі аясында «AltynEx Company» компаниясы өз қаражаты есебінен Алтынды ауылына балалар мен жастарға арналған ойын алаңын орнатып берді.
Алдағы уақытта да компания басшылығы ауыл тұрғындары үшін қажетті әлеуметтік жобаларды кезең-кезеңімен жүзеге асыратындарын жеткізді.

Ұқсас ақпараттар

ЖЕРЛЕСЖАС ӘРТІСТЕРДІҢ ЖҮЛДЕСІ

admin_mugalzhar

ОРТАЛЫҚҚА ЖАҢА БАСШЫ КЕЛДІ

admin_mugalzhar

Халық АЭС салу идеясына қалай қарайды – әлеуметтік сауалнаманың нәтижелері

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.