«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Қазақстан мен Өзбекстан арасында автобустар қайта іске қосылды

16 наурыздан бастап Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы автобус қатынасы қайта жанданады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасаған Mugalzhar.kz.
Бұл туралы Өзбекстанның көлік министрлігі мәлімдеді.

Екі ел тасымалдаушылары келесі маршруттар бойынша рейс жасайтын болады: Ташкент – Нұр-Сұлтан, Ташкент – Алматы, Ташкент –Қызылорда, Ташкент – Түркістан, Ташкент – Іргелі, Шыршық – Шымкент және Шыршық – Алматы.

Ведомство қазіргі кезде Өзбекстаннан Қазақстан арқылы Ресей мен Қырғызстанға транзиттік тасымалдауды ұйымдастыру бойынша келіссөз жүріп жатқанын мәлім етті.

Еске сала кетейік, екі ел арасындағы халықаралық автобус қатынасы тура екі жыл бұрын, 2020 жылдың 16 наурызында коронавирус пандемиясына байланысты тоқтап қалған еді.

Ұқсас ақпараттар

МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ АС МӘЗІРІ ӨЗГЕРЕДІ

admin_mugalzhar

Тазы мен төбет күні: Қазақстанда жаңа мереке пайда болады

admin_mugalzhar

Негізгі міндет — сайлауалды уәделерді орындау және сайлаушылардың сенімін ақтау

admin_mugalzhar