«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕР АРАСЫНДА ЭСТАФЕТА САЙЫСЫ ӨТТІ

Мемлекеттік қызметшілер арасында «Көңілді старт» атты эстафеталық спорттық сайыс өтті.
Мемлекеттік қызметкерлер арасында салауатты өмір салтын насихаттау, ұжымдық ауызбіршілікті арттыру және спортқа деген қызығушылықты қалыптастыру мақсатында ұйымдастырылған сайысқа әр мекемеден жасақталған 4 команда қатысып, түрлі кезеңдер бойынша бақ сынасты.


Сайысты аудан әкімінің орынбасары Әкімжан Есенаманов ашып беріп, қатысушыларға сәттілік тіледі.
-Бүгінгі спорттық сайыс тек жарыс қана емес, бірлікті, ұйымшылдықты арттыратын тамаша мүмкіндік. Мемлекеттік қызметшінің бойында тек кәсібилік қана емес, салауатты өмір салтына бейімділік те болуы тиіс.
Баршаңызға сәттілік, әділ жарыс және көтеріңкі көңіл-күй тілеймін, — деді ол.
Сайыс 7 кезеңнен тұрды. Атап айтсақ, «Команданы таныстыру», «Айналдырғыш шеңбермен жүгіріп келу», «Командамен осминог жасап жүгіру», «Ақ қағазды баспен түсірмей межеге жеткізу», «Кедергілер арасынан жылан жүріспен шарды алып жүру», «Ұсақ доптарды жәшікке толтыру», «Допты аркамен апару» кезеңдерінен болды. Командалар әр кезеңнен өткен уақыты мен ұпай саны бойынша бағаланды.


Жарыс қорытындысы бойынша барлық кезеңдерден мүдірмей өтіп, жылдамдық пен қырағылықты көрсеткен «Қыран» тобы топ жарып, бірінші орынды жеңіп алды.
Екінші орынға «Күн» тобы табан тіресе, үшінші орынды «Оттегі» тобы иеленді.
Төртінші орынды «Сұңқар» тобы еншіледі.
Сайыс соңында жеңімпаздар марапатталып, қатысушыларға алғыс хаттар мен ынталандыру сыйлықтары табысталды.

Ұқсас ақпараттар

АЯУЛЫМ — ҚОЛ КҮРЕСІНЕН АЛҒАШҚЫ ЧЕМПИОН

admin_mugalzhar

СУ ТАСҚЫНЫ: 63 ОТБАСЫҒА ӘЛЕУМЕТТІК ТӨЛЕМ АУДАРЫЛДЫ

admin_mugalzhar

1881 отбасы біржолғы әлеуметтік төлем алды

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.