«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

ЕМБІЛІКТЕР НАУРЫЗ МЕЙРАМЫН АТАП ӨТТІ

Ембі қаласында Наурыз мейрамы кең көлемде аталып өтті. Мерекелік шарада қала өнерпаздарының концерттік бағдарламасы жиналған жұртшылыққа көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Ембіліктерді мерекемен аудан әкімінің орынбасары Бекболат Құлмағамбетов құттықтады. Сонымен қатар қала тұрғындарын құттықтауға ауданнан аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Құрал Байсұлтанов, аудандық қоғамдық кеңестің хатшысы Төлеулі Махимов, аудандық мәслихат депутаттары Сергей Ведюшкин мен Алмат Сматов арнайы барды.
Мерекеге орай 6 киіз үйлер құрылды. Барлығы да ертемен тұрғындарды қабылдап, ұлттық тағам түрлері мен наурыз көжелер үйлестірді.

Ұлыстың ұлы күніне орай ұйымдастырылған мерекелік думанды көруге келгендердің қатары көп болды. Мерекеге орай спорттық сайыстар ұйымдастырылды.
Көктемнің шуағын өзімен бірге ала келетін Наурыз мерекесін ембіліктер сән-салтанатымен қарсы алды.

Ұқсас ақпараттар

Кенен Әзірбайұлының туғанына 140 жыл – 10 дерек

admin_mugalzhar

Алматыда әскери қызметшілер Бибігүл Төлегенованы туған күнімен құттықтады

admin_mugalzhar

Токио Олимпиадасының алау эстафетасы 25 наурызда басталады

admin_mugalzhar