«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

МЕКТЕП ДИРЕКТОРЫНЫҢ КУБОГЫ ӨТТІ

Қандыағаш қалалық №4 орта мектебінде волейболдан «Мектеп директорының ауыспалы кубогы» үшін жарыс өтті. Ұжым арасында достық қарым-қатынас пен ауызбіршілікті, сыйластық пен салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында өткен шараға мектеп ұстаздарынан құралған «Намыс», «Тәуекел», «Барыс», «Қамқор», «Аманат», «Шабыт» атты командалар қатысты. Спорттық бәсекенің ашылу салтанатына аудандық білім бөлімінің әдіскері Г.Нұрмағанбетова қатысып, командаларға сәттілік тіледі. Жарыс нәтижесі бойынша
I орынды «Шабыт» командасы, ІІ орынды «Барыс» командасы, ІІІ орынды «Тәуекел» командасы жеңіп алды.
Жеңімпаздар Алғыс хаттармен, медальдармен және ақшалай сыйлықтармен марапатталды. Сонымен қатар үздік ойын көрсеткен қатысушылар — Г.Төлеумұхамбетова,
К.Сүгірова, Ш.Меңдібаева «Үздік ойыншы» номинацияларымен марапатталды. Жарыс соңында мектеп директоры Г.Мусина жарыстың жоғары деңгейде өтуіне атсалысқан ұйымдастырушылар
Б.Бақытов, Ж.Қоңыратбаева мен Ж.Қамұқашеваларға және жарысқа қатысушыларға алғысын білдірді.

Ұқсас ақпараттар

Әйелдерге арналған вагондар тағы үш бағытта қатынай бастады

admin_mugalzhar

16 МҰҒАЛЖАРЛЫҚ ЖАС ЖЕҢІЛДЕТІЛГЕН НЕСИЕ АЛА АЛАДЫ

admin_mugalzhar

АТАМЕКЕН ЕСКЕРТЕДІ: «КӨМЕКШІЛЕРДЕН» АБАЙ БОЛЫҢЫЗ!

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.