«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

ФУТБОЛДАН МЕРЕКЕЛІК ТУРНИР ӨТТІ

Қандыағаш қаласының мамандандырылған балалар-жасөспірімдер спорт мектебінде «Әскерилендірілген теміржол күзеті» ЖШС Ақтөбе
филиалы және кәсіподақ ұйымының ұйымдастыруымен шағын футболдан турнир өтті.
«Қазақстан темір жолы» Ұлттық компаниясы акционерлік қоғамына — 25 жыл, «Салалық Қазақстан көліктік кәсіподағы» қоғамдық бірлестігіне — 30 жыл және Наурыз мерекесіне орай өткізілген турнирдің ашылу салтанатына «Әскерилендірілген теміржол күзеті» ЖШС Ақтөбе филиалының директоры Сарыбай Сәрсенов, филиалдың кәсіподақ ұйымының төрағасы Әділхан Аймағамбетов және филиал бөлімшелерінен келген басқа да қонақтар қатысты.

Турнирге 8 команда қатысып, жүлделі орындарға таласты. Тартысты өткен ойындардың қорытындысы бойынша Шалқар стансасындағы атқыштар командасы турнирдің жеңімпазы атанды. ІІ орынды Қандыағаш стансасындағы, ал ІІІ орынды Ақтөбе стансасындағы атқыштар командалары иеленді. Жеңімпаздар мен жүлдегер атанған командалар ұйымдастырушылар тарапынан кубоктармен, медальдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Ұқсас ақпараттар

Тазалық — өзімізден басталуы қажет

admin_mugalzhar

МҰҒАЛЖАРЛЫҚ ӘРТІСТЕР «АКТЕРЛІК АНСАМБЛЬДІК ҚҰРАМ» АТАҒЫН ЖЕҢІП АЛДЫ

admin_mugalzhar

АТАЛЫ ЕЛ — АНАДАН

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.