«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

ЖОЛДАУДЫҢ БАСЫМ БАҒЫТТАРЫ ТҮСІНДІРІЛДІ

Үстіміздегі жылдың 16-шы наурыздағы Президент Жолдауын аудан тұрғындарына түсіндіру мақсатында ақпараттық-насихаттық топ мүшелері өз жұмысын Қандыағаш қаласы мен Жұрын ауылында жалғастырды. Топ өкілдері Қандыағаш ірілендірілген жол дистанциясының және Жұрын ауылындағы «Дастан-Б» шаруа қожалығының жұмысшыларымен кездесті.

Кездесулерде Ақтөбе облыстық ішкі саясат басқармасының саяси талдау және мониторинг бөлімінің басшысы, топ жетекшісі Нұрғиса Көшеров, мемлекеттік қызметтің ардагері, ауданның Құрметті азаматы Аманкелді Шунимов, аудандық қоғамдық кеңестің төрағасы Шамшат Әбдірзақов, аудандық қоғамдық кеңестің хатшысы Төлеулі Махимов Жолдауда айтылған мәселелер төңірегінде әр салада атқарылатын жұмыстар туралы, басты құжатта көрсетілген маңызды ақпараттар жайлы мәліметтер беріп өтті.
Кездесулерде ақпараттық-насихаттық топ мүшелері жұмысшылармен пікір алмасып, Қандыағаш қаласы мен Жұрын ауылында атқарылатын жұмыстарға тоқталды. Қандыағаш қаласында 600 орындық жаңа мектептің, жаңадан салынып жатқан дене шынықтыру-сауықтыру спорт кешенінің құрылыс жұмыстары аяқталатынын, аудан орталығында жаңа мәдениет үйінің құрылысын бастауға дайындық жұмыстарының жүргізіліп жатқандығын, жалпы қаланы абаттанадыру бағытында бірнеше жобалардың жүзеге асатынын айтып өтті. Сонымен қатар Жұрын ауылында былтырғы жылы 3 көше асфальттанса биылғы жылы 4 көшесіне асфальт төселетіндігі, ауылдық мәдениет үйіне күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілетіні жеткізіліп, ауыл шаруашылық саласына мемлекеттік бағдарламалар арқылы тиісті қолдаулар көрсетілетіндігі түсіндірілді.
Сондай-ақ ақпараттық топ мүшелері Мемлекет Басшысының Жолдауын орындау барысында ауызбіршілік танытып, ел алдында тұрған үлкен межелерді бірге бағындыруға шақырды.

Ұқсас ақпараттар

Жазғы мектептің оқу форматы өзгеше болады

admin_mugalzhar

ҰБТ форматы мен сұрақтар мазмұны өзгеретін болды

admin_mugalzhar

Жел, тұман, жаяу бұрқасын: Қазақстанның төрт өңірінде ауа райы қолайсыз болады

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.