«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

227 елді мекен қауіпті аймақта тұр — ТЖМ

Премьер-министр Әлихан Смайылов ТЖМ басшысы Юрий Ильинмен және Ақтөбе облысының әкімі О. Оразалинмен, Павлодар облысының әкімі Ә. Сқақовпен, Батыс Қазақстан облысының әкімі Ғ. Есқалиевпен және Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Қ. Ақсақаловпен телефон арқылы сөйлесті. Министр мен өңір басшылары елдегі су тасқыны жағдайы туралы баяндады.

Бұл туралы Премьер-министрдің баспасөз қызметі хабарлады.

ТЖМ басшысының хабарлауынша, бүгінде Қазақстанда 227 елді мекен қауіпті аймақта тұр. Су басуға үш нәрсе себеп болды. Бұл – қарды уақытылы шығармау, тазартылмаған арықтар мен еріген сулар. Қазіргі таңда су басу қаупі еліміздің солтүстік және батыс өңірлерінде сақталып отыр.

Елді мекендерді су тасқынынан қорғау мақсатында 2017 жылы 2021-2023 жылдарға арналған су тасқынына қарсы іс-шаралардың жол картасы әзірленіп, бекітілді.

Жол картасы аясында 2021 жылы жүзеге асыру жоспарланған 68 іс-шараның 33-і орындалды және 4-і мерзімінен бұрын орындалды.

Жалпы еліміз бойынша су тасқыны қаупі бар 1010 елді мекеннің 285-інде су басу қаупі сақталып отыр. Бұл орайда 340 елді мекенді су басу қаупі жойылып, 385 елді мекенде сейілді. Биылғы 31 наурыздағы жағдай бойынша қар жамылғысының ауданы 47%-ды құрайды.

Биыл жылынудың бірінші толқыны барысында ШҚО, БҚО, Атырау облыстарында автомобиль жолдарының 3 учаскесін су басу жағдайлары тіркелді.

Қалың қардың еруіне байланысты болған екінші толқынның салдарынан Павлодар облысының Рождественка ауылындағы екі тұрғын үй, Батыс Қазақстан облысының Шалғын ауылындағы 25 үй мен 2 әлеуметтік нысан (Қоскөл кентінің халқы эвакуацияланды) еріген қар суының астында қалды, Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстарындағы 3 автомобиль жолы учаскелерін су шайып кетті.

Өз кезегінде өңір әкімдері су басқан аумақтарды қалпына келтіру бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы баяндады.

Премьер-министр Жол картасын іске асыруды жеделдетуді, келіп түскен шағымдарға жедел әрекет етуді, су басу қауіптерін жоюды тапсырды. Сондай-ақ азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін барлық шараларды жүзеге асыруға ерекше назар аудару қажет. Өңір басшылары бұл мәселені ерекше бақылауға алуы тиіс.

Естеріңізге сала кетейік, биылғы 22 ақпанда Үкімет отырысында орталық және жергілікті атқарушы органдардың су тасқыны кезеңіне дайындық шаралары қаралды. Премьер-министр Смайылов әкімдіктерге қарды, әсіресе, ауылдық елді мекендерден шығару, арықтарды, нөсер кәріздерін тазарту, уақытша бөгеттер салу жұмыстарын уақытылы жүргізу туралы тапсырма берді.

baq.kz

Ұқсас ақпараттар

ОБЛЫСТЫҚ БАҚ ӨКІЛДЕРІ АУДАНДА БОЛДЫ

admin_mugalzhar

Алматы коронавирус бойынша «сары» аймаққа өтті

admin_mugalzhar

«БАҒДАРЛАМА»: 2000-НАН АСА ЖОБА ІСКЕ АСТЫ

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.