«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

ҚАНДЫАҒАШТА ДЗЮДОДАН ОБЛЫСТЫҚ ТУРНИР ӨТТІ

«ЖасStar»дене шынықтыру және сауықтыру спорт кешенінде дзюдодан 2008-2010 ж.т.жасөспірімдер арасында Ауған соғысында қаза болған жауынгерлерді және кейінгі жылдары өмірден өткен ардагерлерді еске алуға арналган ашық облыстық турнир өтті.

Турнирдің ашылу салтанатына қатысқан аудан әкімі Асқар Шериязданов қатысушы спортшыларға сәттілік тіледі. Ашылу салтанатында аудан басшысы қазақ күресінен «Халықаралық дәрежедегі спорт шебері» нормативін орындаған жерлесіміз Еламан Қойшыбаевқа куәлігін табыстап, Алғыс хатпен марапаттады.
10 салмақ бойынша жеңімпаз бен жүлдегерлерді анықтаған турнирге Ақтөбе, Қандыағаш, Ембі қалаларынан Байғанин, Темір, Қарғалы, Қобда, Мәртөк, Шалқар аудандарынан келген 250 спортшы қатысты. Турнирдің қорытындысы бойынша жеңімпаз бен жүлдегер атанғандар медальдармен, дипломдармен марапатталды.

Ұқсас ақпараттар

«АҢСАҒАН СӘБИ»: АУДАНДА ТӨРТ ЖЫЛДА 32 БАЛА ДҮНИЕГЕ КЕЛДІ

admin_mugalzhar

Жуырда қазақ тіліндегі жаңа топтамалар көрермендерге жол тартпақ

admin_mugalzhar

АУДАН ӘРТІСТЕРІ «ӘПКЕ» СПЕКТАКЛІН ҰСЫНДЫ

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.