«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

ТӨРТ ТҮЛІККЕ ЕКПЕ САЛЫНУДА

Аудан аумағында төрт түлік арасында жұқпалы ауруларды болдырмау мақсатында және дертті анықтау үшін малдан сынамалар мен қан талдамалары алынып, түрлі жұқпалы аурулардың алдын алу шарасы басталды.

Аудандық ветеринариялық стансасының басшысы Бауыржан Тлеулин маусым айына дейін жалғасатын жұмыстар барысында аудан бойынша 120 мың қой мен 56 мың ірі қараға Сібір жарасына қарсы екпе салынатынын айт-ты. Ал қарасан ауруына қарсы 126 400 ірі қара егіледі. Сонымен бірге 56 400 ірі қараға тері ауруына (модулярный дерматит) қарсы вакцина жасалады.
— Қазіргі таңда сарып ауруына қарсы қан талдамалары алынды. Сондай-ақ туберкулез ауруына қарсы сынамалар да жасалынды. Бүгінгі күнге дейінгі көрсеткіш бойынша 11 200-ден астам ірі қарадан сынамалар алынып, оның ішінде 40 ірі қара малдан сарып ауруы анықталды. Бүгінде ауырған малдың барлығы арнайы жерлерге тапсырылып, толығымен көздері жойылды, — деді ол.
Бөлім басшысы ауыл аймақтардағы малда сарып ауруы анықталған жағдайда, дереу ауылдық амбулатория мен аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасына хабарлама жіберетінін айтып, аталған мекемелердің қызметкерлері жоспарға сәйкес, ауру мал иелерінен қан талдамаларын алатынын жеткізді.
Бүгінде мал басын бірдейлендіру жұмыстары да жүргізілуде. Сонымен бірге ауыл-аймақтардағы жеке тұрғындар малдарының төлін бірдейлендіріп, сырғалау жұмыстары жалғасуда.
Н.АБАТ

Ұқсас ақпараттар

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Вашингтонда Әзербайжан мен Армения елдері арасында қол қойылған келісімді тарихи жетістік деп санайды

admin_mugalzhar

Ақтөбе облысында карбамид зауыты салынады

admin_mugalzhar

Алимент төлемегендер қылмыстық жауапкершілікке тартылды

admin_mugalzhar