«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Меккеге жаяу жолға шыққан азамат қазақстандықтарды тәнті етті

Өзбекстаннан жаяу келген қажыны Бейнеуге кіре берістегі көлік тұрағынан Ақтау қаласының тұрғыны Вадим Александрович кездестіріп қалған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Lada порталына сілтемемен.
Саяхатшы өзіне велосипедтен арба жасап, азық-түлік пен киім-кешектерді сонда сақтайды. Ал түнді ашық аспан астындағы жолда өткізеді.

Күніне саяхатшы 25-30 шақырымдай жаяу жүреді. Өзінің айтуынша, мұның барлығы ауа-райының қолайлығына байланысты. Ол мұндай ұзақ жолға жалғыз барудан мүлде қорықпайтынын жеткізген.

Оның есебі бойынша, Ақтауға дейін 330 шақырым қалған, қалада 10 күннен кейін болуы керек. Қаладан ары қарай паромға отырады.
Вадим Александрович әріптестерімен бірге ер адамға ас беріп, ақ жол тілеп, қалтасына қаражат та салып жіберген.

Айта кетейік, бұл 64 жастағы азаматтың екінші қажылығы екен. Ол алғашқы қажылығын да 2015 жылы жаяу өтеген.

Ұқсас ақпараттар

Тұрсынбек Қабатов жаңа қызметке тағайындалды

admin_mugalzhar

ПОЛИЦЕЙЛЕР ОТБАСЫНА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

admin_mugalzhar

ЕЛАМАННЫҢ ЖҮЛДЕСІ

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.