Аудан әкімдігінде өткен қоғамдық кеңестің кезекті отырысында аудандық білім және мәдениет бөлімінің басшылары кеңес мүшелерінің алдында есеп берді.
Мінберде бірінші болып сөз алған аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Сәуле Хамзина қалалық және ауылдық мәдениет үйлері мен кітапханаларда мәдени-көпшілік шараларды ұйымдастыру жұмыстары туралы баяндама жасады. Ол «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында жыл басынан бері аудан көлемінде өткізіліп жатқан мәдени шараларға, ұлттықмәдениетімізді көтеруге бағытталған жұмыстарға тоқталып өтті. Сонымен бірге осы жылы аудандық көркемөнерпаздар мен балалар арасында байқаулар, атаулы күндер аясында мәдени кештер ұйымдастырылатынын жеткізді.
Ал аудандық білімбөлімінің басшысы Ғайни Нұрсұлтанова бүгінде аудан аумағындағы білім ошақтарында ІІІ тоқсан қорытындысы бойынша 12492 оқушы білім алып жатқанын айтып, олардың сабақ үлгеріміне тоқталды. Ал ҰБТ-ге аудан бойынша 445 оқушы қатысатынын жеткізді. Сондай-ақ осы жылы білім беру ұйымдарына күрделі жөндеу жүргізілетінін, материалдық-техникалық базасын нығайтуда жасалатын жұмыстары жөнінде мағлұмат берді. Кеңес мүшелері оқылған баяндамалар негізінде өздерін толғандырған сұрақтарын жолдап, қаулы шығарды.
Н.ТІЛЕП