«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

ЕҢБЕК ЕРЛЕРІНЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

Ұлы Жеңіс мерекесі қарсаңында тыл ардагерлеріне құрмет көрсетіліп, олардың ел үшін еткен ерен еңбегі ұлықталды. 1941-1945 жылдары тылда еңбек еткен жандар күндіз-түні тыным таппай, майданды азық-түлікпен, киім-кешекпен қамтамасыз етіп, жеңістің жақындауына өлшеусіз үлес қосты. Олардың қажырлы еңбегі – бүгінгі бейбіт өмірдің негізі.
Мерекеге орай “AMANAT”партиясының аудандық филиалының атқарушы хатшысы Жұматай Бисенов еңбек және тыл ардагерлері Ұлықпан Жанесов, Александр Барков, Дарья Федосеевна Кривенко, Мақпал Жиенбаеваларды Ұлы Жеңіс күнімен құттықтап, сый-сияпаттар табыс етті.

Кездесу барысында ардагерлерге ізгі тілектер айтылып, олардың ел тарихындағы орны ерекше екені атап өтілді.
Ардагерлер өздеріне көрсетілген құрметке ризашылықтарын білдіріп, ақ баталарын берді. Ел үшін аянбай еңбек еткен аға буынның ерлігі мен табандылығы – кейінгі ұрпаққа мәңгілік өнеге.

Ұқсас ақпараттар

Синоптиктер +10°С-қа дейін күн жылынады деп болжады

admin_mugalzhar

«МҰҒАЛЖАР» ГАЗЕТІ ӨЗІНІҢ «ЖЫЛ ҮЗДІКТЕРІН» АНЫҚТАДЫ

admin_mugalzhar

Алдағы үш күнде ауа райы қандай болады?

admin_mugalzhar