«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

КӨТІБАР АУЫЛЫ: АТҚАРЫЛАР ЖҰМЫС КӨП

Аудан әкімі Асқар Шериязданов Көтібар ауылының тұрғындарымен кездесті. Кездесу барысында аудан басшысы аудан көлемінде және Ақкемер ауылдық округі бойынша биыл жоспарланған жұмыстарға тоқталып, ақпарат берді.

53 үйі, 153 тұрғыны бар Көтібар ауылына КБМ кешенді блок модулі ауыз су ұңғымасы (скважина) орнатылады. Жұмыстарды «Арай-НС» ЖШС-і жүргізеді.

Кездесу барасында ауылдық балабақша меңгерушісі балабақшаға су тарту жұмыстары жүргізілсе деген өтінішін жеткізді. Өтінішке сәйкес «Коммуналшы» мекемесіне биыл алынып берілген арнайы техниканың көмегімен қосымша балабақшаға да ауыз су ұңғымасы қазылып берілетіндігі айтылды.

Көтібар ауылының жолын қыс мезгілінде жолды қардан тазарту өзекті мәселелердің бірі. Үстіміздегі жылы мердігер болып белгіленген «Коммуналшы» мекемесіне жол тазарту жұмыстары қиын болды. Себебі Ақкемер ауылдық округінің Көтібар мен Көктөбе елді мекендері бір бағытта болса, Жарық ауылының жолы бөлек бағытта. Осыған орай, жиын барысында ұсыныс түсті ауылдан техникасы бар шаруа қожалығын қыстың мезгілінде жолды тазартуға келісім шарт негізінде тарту бойынша. Осы мәселе ауылдық округ әкімі мен және аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы және автомобиль жолдары бөлімі басшысы мен талқыланып, ортақ келісімге келді.

Ауыл аумағында қоғамдық табынға арналған жердің тапшылығына байланысты көтерілген сұрақтарға аудандық жер қатынастары бөлімінің басшысы І. Ешниязов жер учаскелерін заңдылыққа сәйкес қосымша бөлу және реттеу бойынша түсініктеме берді.

Кездесуде тұрғындар тарапынан ветеринарлық қызметке шағымдарын білдірді. Аудандық ауыл шаруашылығы және кәсіпкерлік бөлімінің басшысы Б. Жолмағамбет малдан қан алу, жалпы емдеу шараларын уақытылы жүргізу бойынша ақпарат беріп өтті. Алдағы уақытта аудандық ветеринария бөлімінің директоры Б. Тлеулин округ әкімімен бірге келіп, ауыл тұрғындарымен қосымша кездесу өткізетіндігін хабарлады.

Аудандық полиция бөлімінің бастығы Б. Атабаев қазіргі таңда учаскелік инспекторлардың міндеттері кеңейтілгендігі, олар өздерінің құзірет шеңберінде тергеу жұмыстарын жүргізіп, анықталған заң бұзушылықтарға сәйкес айыппұл салуға, өздері жедел шешім қабылдауға толық мүмкіндіктер берілгендігін тұрғындарға түсіндіріп өтті.

Сондай-ақ ауыл көшелеріндегі бағаналарға жарық шамдарын орнату, боран, тұман кездерде ауылдың төмен орналасуына байланысты ауыл көрінбей қалуына орай, қырдың басына да жарқырап тұратын жарық шам орнату мәселесі округ әкімімен талқыланды.

Сонымен қатар ауылда мал бағатын бақташының болмауы көтерілді. Бұл бойынша осы жұмыспен былтыр айналысқан тұрғынмен түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, бақташы ретінде бұл азаматпен қайта келісу үшін ауылдық қоғамдық кеңесте қаралатын болды.

Кездесуден кейін аудан әкімінің жеке қабылдауында болған тұрғындар жеке кәсіпкер ретінде салық басқармасына тіркеліп дүкен ашу, өз кәсібін бастауға мемлекеттік бағдарламаларға қатысу және грант алу бойынша сауалдарын жолдап, жауаптарын алды.

Ұқсас ақпараттар

ТАҚЫРЫП ТҰЗДЫҒЫ – ТӘРТІП ПЕН ТӘРБИЕ

admin_mugalzhar

МАЛИКАНЫҢ МУЗЫКА ӘЛЕМІ

admin_mugalzhar

ЖОЛДАУ – ЕЛ ДАМУЫНЫҢ СТРАТЕГИЯСЫ

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.