«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

АРДАГЕР АТАЛАР МЕН АНАЛАР ӘН АНСАМБЛІНІҢ КОНЦЕРТІ ӨТТІ

Аудандық мәдениет үйінде 1 мамыр — Қазақстан халқының бірлігі күніне орай Халықтық «Атамекен — Асылым» ардагер аталар мен аналар ән ансамблінің «Өнер бекзаттылығы — ұрпақ бекзаттылығы» атты концерті өтті.

Ақтөбе қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің ұйытқы болуымен, қалалық Мәдениет үйі жанынан құрылған бұл өнер ұжымы қазір облыс, республика көлемінде жақсы танымал болып келеді.

Концерт барысында ансамбль халық әндерін және еліміздің әйгілі композиторлары Л.Хамидидің, Е.Хасанғалиевтің, Б.Тәжібаевтың, Н.Тілендиевтің т.б. әндерін орындап, жиналған жұртшылықтың ыстық ықыласына бөленді.

Өнерлі еңбек ардагерлерінен құрылған ансамбль мүшелері жеке-дара да ән айтып, қандыағаштық өнер сүйер көрерменді бір серпілтіп тастады.

Концерт соңында аудан әкімі Асқар Шериязданов ансамль ұжымына мұғалжарлықтардың атынан елдің ықыласы мен ілтипатын жеткізді.

Ұқсас ақпараттар

Қазақстанның туристік локацияларында түсірілген Димаштың халықаралық жобасының премьерасы Қытайда өтеді

admin_mugalzhar

Елдің татулығы мен бірлігі – мемлекеттің ең үлкен байлығы

admin_mugalzhar

ЖҰМЫСШЫЛАРМЕН ЖҮЗДЕСТІ

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.