Аудан әкімі Асқар Шерияздановтың тұрғындармен кездесуі Талдысай ауылында жалғасты. 106 үйі 554 тұрғыны бар Талдысай ауылы өткен жылы орталықтандырылған ауыз су жүйесіне қосылды. Биылда Талдысай ауылдық округінде жоспарланған бірнеше жобалар жүзеге асырылады.
Талдысай ауылында 100 орындық мектептің құрылысы салынуда. Оған байланысты мектеп құрылысын жүргізіп жатқан мердігер Жаңабай Мұсабайұлы тұрғындар алдында есеп беріп, атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталып, биылғы жылдың аяғына дейін іске қосылатынын баяндады.
Осы орайда, жаңа мектеп іске қосылғаннан кейін, мектептің бұрыңғы ғимаратына учаскелік полиция инспекторын, ветеринарлық пунктті, медициналық пунктті, пошта бөлімшесін және шаштараз орналастыру мәселесі тұрғындармен талқыланды.
Ауылдық қоғамдық кеңесте қаралған ауылдың екі орталық көшесі Абай көшесі мен (2,9 шақырым) Тәуелсіздік көшесіне (1,5 шақырым) жобалық-сметалық құжаттар жасалып, Ақтөбе облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасына тапсырылды. Жалпы аудан бойынша 37 елді мекеннің 48-не жоба дайындалып, облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасына ұсынылды.
Ұсынылған барлық жобалар ауылдық округтерде қоғамдық кеңестердің ұсыныстары бойынша жасалынды.
Талдысай ауылына Ақтөбе облысының әкімі О. Оразалин келген кезде «Сағашилі-Талдысай» бағытындағы жолын жөндеу жөнінде тұрғындар ұсыныс білдірген болатын. 28 шақырым құрайтын жолға екі жобалық-сметалық құжаттар (0-15 шақырым, 15-28 шақырым) дайындалды. Жөндеу жұмыстарына Ұлттық қордан қаражат бөлінді. Қазіргі таңда конкурс рәсімі өткізілуде. Мердігер компания жақын арада анықталады.
Кездесуден кейінгі аудан әкімінің қабылдауында тұрғындар тарапынан ауылдың шетінде бірнеше жылдардан бері жиналып қалған қатты тұрмыстық қалдықтарды тазарту мәселесі талқыланып, оны шешу жолдары нақтыланды.