«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

МЕРЕКЕ АТАЛЫП ӨТТІ

Аудандық мәдениет үйінде Қазақстан Республикасының Қарулы күштерінің 30 жылдығына және 7 мамыр — Отан Қорғаушы күніне орай «Әскерлер — елдік пен егемендік күзетінде» атты мерекелік іс-шара өтті.
Салтанатты жиында ең алдымен Мемлекеттік Ту сахнаға әкелініп, мемлекеттік гимн ойналды.
Әрбір Тәуелсіз мемлекеттің ең басты мақсаты – ел тыныштығын қорғау, мемлекет тұтастығын сақтау болып табылады. Биыл еліміздің айбыны, мақтанышы Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің құрылғанына 30 жыл толып отыр.

Салтанатты жиында аудан әкімінің орынбасары Ғалым Қобландин іс-шараға қатысушыларды айтулы мерекемен құттықтап, құқық қорғау органдарында, төтенше жағдай қызметінде еңбек етіп жатқан мұғалжарлықтарды Алғыс хаттармен марапаттады.
Салтанатты жиында әсери оқу орындары мен әскер қатарында Отан алдындағы борыштарын өтеп жатқан сарбаздардың бейне құттықтаулары Led экран арқылы көрсетілді.

Мерекелік іс-шара аудан өнерпаздарының концертімен жалғасты. А.Жұбанов атындағы музыка мектебінің балалар хорының орындауында «Отан ана», А.Жидехановтың орындауында «Қазақстаным», Т.Наурызғалидің орындауында «Қазақстан сарбаздары», С.Сәңкібайдың орындауында «Жаңа Қазақстаным» атты патриоттық әндер жиналған қауымды серпілтті.

Ұқсас ақпараттар

Қазақстан әлемдегі Топ-100 суперкомпьютер қатарына енді

admin_mugalzhar

РЕФЕРЕНДУМ: ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСУДА

admin_mugalzhar

САНИТАРИЯЛЫҚ МАМАНДАР КЕҢЕС ӨТКІЗДІ

admin_mugalzhar