«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Домбыра күніне орай 300-ге жуық іс-шара ұйымдастырылады

2018 жылы Президенттің бастамасымен бекітілген Ұлттық Домбыра күні жыл сайын шілде айының алғашқы жексенбісінде атап өтілетіні мәлім. Биыл бұл мереке 6 шілдеде тойланады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Сол орайда Мәдениет және ақпарат министрлігі республикалық іс-шаралар жоспарын бекітті.

Биыл ел көлемінде 300-ге жуық іс-шара ұйымдастырылады, оның 200-ден астамы өңірлерде жоспарланған.

6 шілде күні Алматы қаласындағы MEGA Alma-Ata ашық алаңында Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық халық аспаптары оркестрінің мерекелік концерті өтеді. Сонымен қатар Көктөбе саябағының алаңында «Dombyra party» атты салтанатты концерт ұйымдастырылады.

Астанадағы амфитеатр алаңында Ұлттық Домбыра күніне арналған мерекелік концерт өтеді.

ҚР-ның Ұлттық музейінде көрнекті композитор Нұрғиса Тілендиевтің 100 жылдығына арналған концерт ұйымдастырылады.

Ақтөбе облысында «Қазақ халқына мың алғыс» стелласы аумағында «Ұлттық домбыра күні – баба үніне құрмет» атты музыкалық кеш өтеді.

Түркістанда, «Әзірет Сұлтан» тарихи-мәдени музей-қорығының алаңында «Домбыра – дастан» атты мәдени-көпшілік іс-шара ұйымдастырылады.

Сонымен қатар, елімізде Домбыра күніне орай челлендж өтіп жатыр, оған 100-ге жуық мәдениет саласының көрнекті өкілі қатысып жатыр.

Ұқсас ақпараттар

АҚТӨБЕДЕ КӘСІПКЕРЛЕР ПАЛАТАСЫНДА «ПРОКУРОР КАБИНЕТІ» АШЫЛДЫ

admin_mugalzhar

Еліміздегі мектептердің 88% инклюзивті білім беруге жағдай жасады

admin_mugalzhar

«ҚАЗАҚСТАН БАЛАЛАРЫ»: ОН КҮНДІК АЯСЫНДА…

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.