«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

ЖҰРЫН АУЫЛДЫҚ МӘДЕНИЕТ ҮЙІ ЖӨНДЕЛУДЕ

Ақтөбе облысының әкімі О.Оразалин өткен жылы Жұрын ауылын газдандыру кезінде келген іс-сапарында тұрғындар тарапынан ауылдың көшелерін қосымша асфальттау және ауылдық мәдениет үйіне күрделі жөндеу жұмыстары қажет ететіндігі жөнінде өтініштерін айтқан болатын.
Тұрғындар тарапынан айтылған ұсыныстар қабылданып, бұл мәселелерді орындау мақсатында жобалық-сметалық құжаттар дайындалды. Нәтижесінде ауылдық мәдениет үйіне жөндеу жұмыстары басталды. Жөндеу жұмыстары барысында мәдениет үйінің төбесі жаңартылып, ішкі электр жүйелері ауыстырылып, көп жылдан бері жөндеу көрмеген көрермендер залы, кітапхана өзге де үйірмелерге арналған кабинеттер толық жөнделеді. Мәдениет үйінің жөндеу жұмыстарын «Шаңырақ» ЖШС-і жүргізуде.

Ұқсас ақпараттар

Жаңа Конституция – тек құқықтық құжат емес, бұл болашақ ұрпаққа қалдырылатын саяси әрі рухани мұра

admin_mugalzhar

Мемлекет басшысының Жарлығымен «Қазақстан Республикасының Конституциясына 30 жыл» мерейтойлық медалі бекітілді

admin_mugalzhar

Қазіргі сәттегі Ақтөбе облысының автожолдарындағы жағдай

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.