«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

«ДӘУІР ДЕФИЛЕСІ» ҰЛТТЫҚ КИІМДЕР ШЕРУІ ӨТТІ

Облыс аумағында ұлттық дәстүрлерді дәріптеуге бағытталған «Сыбаға» фестивалі өтуде. Бес күнге созылатын іс-шара аясында ғылыми-тәжірибелік конференциялар, ұлттық киімдер көрмесі, спорттық жарыстар, гастрономиялық фестивальдер және қайырымдылық акциялары өткізілуде. Аталған фестиваль Қандыағаш қаласында да ұйымдастырылып, «Дәуір дефилесі» атты ұлттық киімдер шеруі өтті.


Аудандық мәдениет үйінде өткен шараның шымылдығы фойеде жасақталған қолөнер көрмесімен ашылды. Аудандық тарихи-өлкетану музейінің қызметкерлері музей қорында сақталған ұлттық киімдердің тарихымен таныстырып, ұлттық құндылықтарды дәріптеді. Келушілер «Алтын сапа» тігін шеберханасы тігіншілерінің қолынан шыққан көрпе-көпшіктерді, аудандық Ерікті мүгедектер қоғамының шеберлері дайындаған түрлі қолөнер бұйымдарын, Қандыағаш қалалық Аула клубының оқушылары жасаған моншақты картиналарды, Ақдана Жылқыбай дайындаған ұлттық нақыштағы әшекей бұйымдарды тамашалады.
Ал ұлттық киімдер шеруін сырылып тігілген ерлер күпісі бастады. Одан әрі үкілі камшат, бүрмелі көйлек, сәнді сәукеле киген қыздар жиналғандардың ыстық ықыласына бөленді. Сонымен бірге кимешек киген аналар мен әжелер, шапан киген жігіттер сәні мен салтанаты жарасқан ұлттық киімдерді паш етті.

Ұқсас ақпараттар

Мемлекет басшысы: «Біз бәріміз табанды еңбек етуіміз керек, сонда ғана еліміз зор табыстарға жетеді»

admin_mugalzhar

САЙЛАУ: ГАЗЕТ БЕТІНЕН ОРЫН БЕРУ ТӨЛЕМІНІҢ МӨЛШЕРІ, ШАРТТАРЫ МЕН ТӘРТІБІ

admin_mugalzhar

Тоқаев: Президенттің жақын туыстарының биліктегі лауазымдарға тағайындалуына тыйым салынады

admin_mugalzhar