«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

КӨЛІК МИНИСТРІ МЕН ОБЛЫС ӘКІМІ АУДАНҒА КЕЛДІ

ҚР Көлік министрі Марат Қарабаев және Ақтөбе облысының әкімі Асхат Шахаров жұмыс сапарымен Мұғалжар ауданына келді. Сапар аясында Қандыағаш теміржол вокзалының жұмысымен танысты.

Батыс өңіріндегі ірі тораптық станция Қандыағаш вокзалы – тәулігіне 18 жұп пойыз өткізіп отырған Ақтөбе теміржолының ең үлкен теміржол бекеті. 1998 жылы қолданысқа берілген вокзал екінші класты.

Қандыағаш теміржол вокзалында жолаушылар үшін барлық жағдай жасалған. Көлікке арналған тұрақтан бастап, ана мен бала және мүгедектерге арналған бөлмелер бар.

Аудан әкімі Дархан Ермағанбетов алдағы уақытта теміржол вокзалы аумағын одан әрі абаттандыру, жолаушыларды шығарып салып, күтіп алатын автотұрақ аймағын үлкейту мәселесі жұмыс жоспарына енгізілетіндігін жеткізді.

Ұқсас ақпараттар

Трамп: Егер Қытай індеттің тарауына саналы түрде жол берген болса, салдарын тартады

admin_mugalzhar

Абай облысында ұлттық спорт түрлерінен 5-ші дүниежүзілік көшпенділер ойындары аясында Республикалық турнир өтті

admin_mugalzhar

Қазақстанда интернеттің әлсіздігіне байланысты онлайн сабақ болмайды

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.