«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

БОЛАШАҚ МАМАНҒА — БАҒЫТ-БАҒДАР

Аудан әкімі Асқар Шериязданов Қандыағаш қалалық №2 орта мектебіне барып, мектеп бітіруші түлектермен кездесіп, ауданның өндірістік потенциалы, кадр қажетілігі және перспективалық жобалары туралы кеңінен мағлұмат берді. Кездесу барысында ауданда орналасқан кәсіпорындарда жұмыс жасайтын мұғалжарлықтардың үлесі жөнінде де тың деректермен бөлісті. Айталық, аудандағы 5000-ға жуық жұмысшысы бар ең әрі кәсіпорын «СНПС-АМГ» АҚ-да небәрі — 1170, ал 1200-ге жуық жұмысшысы бар «Октябрьскнефть» НГДУ мекемесінде 369, 1500-ден астам адам жұмыс жасайтын «Жаңажол ГПК» ЖШС-де 308 мұғалжарлықтың еңбек ететінін тілге тиек етті. Сонымен бірге биылғы мектеп бітіруші түлектер 4-5 жылдан кейінгі жас маман болып, ауданның экономикасын көтеру мақсатында туған жерге қайта оралып, елеулі еңбек ететін болса, аудандағы 40-тан астам кәсіпорында жергілікті қызметкерлердің санын арттыратынына да сенімін білдірді. Мұғалжар ауданы облыс аумағындағы ең ірі өндірістік аудан болғаннан кейін ауданға техникалық сала мамандарының қажет екенін айтып, түлектерге мамандық таңдауда бағыт-бағдар берді.
Кездесу соңында мектеп бітірушілер аудан әкіміне болашақ мамандықтары жөнінде өздерін толғандырған сауалдарын жолдап, тұщымды жауап алды.

Ұқсас ақпараттар

БОКСШЫЛАР ЖҮЛДЕЛІ ОРАЛДЫ

admin_mugalzhar

БІЗДІҢ НҰРҒАНЫМНЫҢ МАРАПАТЫ

admin_mugalzhar

«БРИЛЛИАНТ» КӨРШІЛЕР МЕРЕКЕНІ АТАП ӨТТІ

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.