«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

ЖАМАҒАТ АРАСЫНДАҒЫ ЖАРЫС

«Парасат» ақпараттық-кеңес беру және оңалту орталығы ЖММ-нің ұйымдастыруымен Қандыағаш қаласында орналасқан мешіт және спорт клубының ойыншылары арасында өткен футболдан жарыс ұлттық мерекеге арналды.

Аталған шараға 4 футбол командасы қатысты. Тартысты ойын нәтижесінде «Қадыр ата» мешітінің жамағат ойыншылары І орынды иеленіп, 35 мың теңгелік сертификатқа ие болды. Ал ІІ орын мен 25 мың теңге қаржылай сертификатын «Қыран» спорт клубының ойыншылары қанжығасына байлады. Жарысқа қатысып, ІІІ орынды жеңіп алған «Яқин» футбол жамағаты 15 мың теңгелік ақшалай сертификаттарымен марапатталды. Жергілікті кәсіпкер Бақытжан Қадыралиннің демеушілігімен әр командаға қосымша 10 мың теңгелік ақшалай сыйлықтар табысталды.

Ұқсас ақпараттар

Биыл 752,7 шақырым жол жөнделеді

admin_mugalzhar

Қазақстан Республикасының Ақпараттық доктринасын бекіту туралы

admin_mugalzhar

ӨМІРШЕҢ ГАЗЕТ

admin_mugalzhar