«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

МӘДЕНИЕТ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ КҮНІ АТАЛЫП ӨТТІ

21 мамыр — Мәдениет және өнер қызметкерлері күніне орай ұйымдастырылған «Мәдениет — өнер айнасы, өнер қоймасы» атты салтанатты шара аудандық мәдениет үйінде аталып өтті.

Шараға аудан әкімі, аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы және аудандағы мәдениет ошақтарының қызметкерлері қатысты. Аудан әкімі Асқар Шериязданов мереке иелерін құттықтап, Отанымыздың бай, әрі көрнекті құндылықтарын дәріптеп, байытуда жасап жатқан еңбектері, кәсіби шеберліктері мен мәдениет саласына қосқан өлшеусіз үлестері үшін алғысын білдірді.
Мерекелік шара аудандағы халықтық ұжымдардың мерекелік концертімен жалғасты. Халықтық ұлт аспаптар оркестрінің жанынан құрылған «Дала сазы» фольклорлық ансамблі Құрманғазының «Адай» күйін орындаса, халықтық «Алтынзер», «Триумф» би топтары мен «Құралай» ұжымы бимен жалғастырып кетті. Халықтық «Көзайым» және «Қарлығаш» вокал топтары «Сағынбаймын», «Ақ көгершін» өлеңдерін орындап, мереке иелеріне көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.

Ұқсас ақпараттар

Мемлекет басшысы Ресей Федералды Жиналысы Федерация Кеңесінің Төрағасы Валентина Матвиенкомен кездесті

admin_mugalzhar

ЖЫЛ БАСЫНАН БЕРІ 519 АДАМ ІНДЕТ ЖҰҚТЫРДЫ

admin_mugalzhar

ИСЛАМДА ДӘСТҮР ТУРАЛЫ НЕ АЙТЫЛАДЫ?

admin_mugalzhar