«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

ШТАБ МҮШЕЛЕРІ КӨПБАЛАЛЫ АНАЛАРМЕН КЕЗДЕСТІ

Конституцияға енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың маңыздылығын түсіндіру мақсатында аудандық штабтың мүшелері Роза Мусенова мен Көмекбай Бектұрғанов Қандыағаш қаласының көпбалалы аналарымен кездесті.

Кездесу барысында штаб мүшелері жалпыхалықтық референдумның маңызына тоқталып, көпбалалы аналарға дауыс берудің ережелері мен шарттарын түсіндірді. Кездесуде қатысушылардың сұрағына нақты жауап берген штаб мүшелері әр баптың өзгерісіне жеке-жеке тоқталып өтті.

Кездесу соңында көп балалы аналар штаб мүшелеріне өз ықылыстарын білдіріп, жалпыұлттық референдум өткізу бастамасын қолдайтынын және Жаңа Қазақстан құру жолында мемлекетке үлкен сенім артатынын жеткізді.

Ұқсас ақпараттар

ГАЗЕТТІҢ КӨМЕГІ ТИДІ

admin_mugalzhar

ҰЛЫ ОТАН СОҒЫСЫНЫҢ АРДАГЕРІ ДАУЫС БЕРДІ

admin_mugalzhar

Қазақстанның жаңа Конституциясы жобасы Халықаралық заңгерлер қауымдастығының қолдауына ие болды

admin_mugalzhar