«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

9 мыңнан аса жұмыс орны құрылады

Жұмыспен қамту
«Облыс әкімдігінде халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу мәселелері қаралып, облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Асланбек Шүйіншалиев баяндама жасады», — деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, Ұлттық жобалар шеңберінде өңірлік жұмыспен қамту картасы қалыптастырылып, 272 жобада 9222 бірлік жұмыс орындарын құру жоспарланды. Бос орындар туралы ақпарат ашылуына қарай электронды еңбек биржасына орналастырылатын болады. Бұдан бөлек «2021-2025​ жылдарға​ арналған​ кәсіпкерлікті​ дамыту жөніндегі​ ұлттық​ жоба» аясында 53 мың жұмыссыз азаматты жұмыспен қамту шараларын жүзеге асыру жоспарланып отыр.

Еңбек нарығында жастарды қолдауға және бәсекеге қабілеттілігін арттыруда «Алғашқы жұмыс орны», «Ұрпақтар келісімшарты» жобаларының тиімділігі зор. Өткен жылы бұл жобалар аясында 176 жас жұмысқа тартылса, ағымдағы жылы 300-ге жуық жасты жұмысқа орналастыру көзделуде.

Халықты жұмыспен қамтудың тағы бір тиімді тетігі — қайтарымсыз грант беру.​​ Облыста 500-ге жуық жасқа және әлеуметтік осал топтағы 1 мыңнан астам азаматқа мемлекеттік грант беру жоспарланып, іске асырылуда.

Облыс әкімі барлық бағыттағы жұмыстарды күшейтуді тапсырды.

Оңдасын Оразалин: «Халықтың әл-ауқатының өсуі мен тұрмыс сапасының жақсаруы олардың жұмыспен қамтылуына тікелей байланысты. Жастардың кәсіби бағдар беруге, көпбалалы және аз қамтылған отбасы мүшелерінің жұмыспен қамтылуын қамтамасыз етуге баса назар аудару керек. ​ Халықты жұмыспен қамтуға бағытталған мемлекеттік бағдарламалардың тиімді жүзеге асырылуы — біздің негізгі міндеттеріміздің бірі. Жұмыс әсіресе аудандарда күшейтілу керек», — деп атап өтті.

Ұқсас ақпараттар

Мәжіліс Сенаттың әлеуметтік желі мен кибербуллингке қатысты түзетулерімен келісті

admin_mugalzhar

Еліміздің халықаралық резерві 100 млрд доллардан асқан

admin_mugalzhar

В РЕЖИМЕ ОНЛАЙН

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.