«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

БАЛА КҮНГІ БҰЗЫҚТЫҒЫМ — ХИРУРГ БОЛУЫМА СЕБЕПШІ БОЛДЫ

ИӘ, БІР ЕСТІГЕНДЕ ҚҰЛАҚҚА ТҮРПІДЕЙ ТИЕТІНІ АНЫҚ, АЛАЙДА АҚИҚАТЫ СОЛ ЕКЕНІН АЛҒА ТАРТҚАН ӘУЕЗ ҚАБИЕВ БҰЛ САЛАҒА ҚАЛАЙ КЕЛГЕНІН ЕГЖЕЙ-ТЕГЖЕЙЛІ БАЯН ЕТТІ.

— Расымен де дәрігер болуыма бұзықтығым себеп болды. Бала кезімде тентектіктің кесірінен бас-ми жарақатын алғанмын. Содан ауруханаларда көп жүрдім, біраз ем-шаралар алдым. Осы уақыт аралығында дәрігер жұмысына, жүргізген емдеріне қызығушылығым оянды. Бұл — себептің бірі ғана. Ал екінші себеп — ақ халатты жандардың дертімнен айығуыма бар жандарын салып, аяғымнан тұрып кетуіме ықпал еткендеріне деген алғысым еді. Ата-анам да бұл шешіміме қарсы болмады, — деді біз әңгімеге тартқан мереке иесінің бірі — Ембі аудандық ауруханасының хирургия бөлімінің бөлім меңгерушісі Әуез Қабиев.
Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік академиясын 7 жыл оқып, хирург мамандығымен қоса дәрігер-эндоскопист мамандығын алып шыққан жас маман еңбек жолын Мұғалжар аудандық ауруханасында хирург қызметінен бастайды. Кейін Ембі қаласына ауысып, бүгінде осы жақта хирургия бөлімінің бөлім меңгерушісі қызметінде.
— Ұжымым өте керемет. Болашағынан үміт күттірер жастар да, тәжірибесі мол мамандар да осы жерден табылады. Әрқашан бір-бірімізге қолдау танытып жүреміз. Әрине, бұл сала үлкен ізденісті, тәжірибені, көп оқуды, практиканы талап етеді. Сондықтан бұл салаға деген қызығушылық қай жаста ашылса да, іздене беру керек дер едім. Себебі әрбір адамзат өз денсаулығы үшін алдымен өзі жауапты екенін білуі керек. Ол үшін алдымен медициналық азғантай болса да сауат болғаны абзал. Ал осы жолға өмірін арнап, күні-түні еңбек етіп келе жатқан барша әріптестерімді мерекемен құттықтаймын! Халық денсаулығының сақшысына айналған жандардың өздеріне мықты денсаулық тілеймін, — деді Әуез Біржанұлы.

Айдана АЛТЫБАЕВА

Ұқсас ақпараттар

ШАБЫНДЫҚ ЖЕР ЖЕТЕ МЕ?

admin_mugalzhar

АДИЛЬБЕК – МАСТЕР НА ВСЕ РУКИ

admin_mugalzhar

ПРЕЗИДЕНТ ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕРДІ КӘСІБИ МЕРЕКЕЛЕРІМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ

admin_mugalzhar

1 Пікір

Жадра Канымкулова 19.06.2022 at 12:09

Әуез мырза өз ісінің маманы.Жас болса да білікті маман.Әкем асқазан жарасымен ауруханаға түскенде емдеп керекті ем-домды жасап емдеп шығарды.Алғысым шексіз.Кәсіби дами беріңіз

Жауап

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.