«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

«МҰҒАЛЖАРЛЫҚТАРДЫ» ҚҰТТЫҚТАДЫ

28 маусым – Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің төл мерекесіне орай, аудан халқының әл-ауқаты мен қоғам тынысынан хабардар етіп жүрген газет ұжымын Мұғалжар ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы және аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері арнайы құттықтады.
Редакцияға арнайы келген салықтық бақылау және өндіріп алу бөлімінің басшысы Нұрсұлтан Тайтақов пен бас маман Ақмарал Қобланова газет ұжымына басқарма басшысы Асылбек Нурлиннің алғысын жеткізіп, алдағы уақытта тығыз және жемісті ынтымақтастықта жұмыс атқаруға тілектестігін білдіріп, сый-құрмет көрсетті. Ал аудандық полиция бөлімі бастығының орынбасары Тавке Абдуллин мен көші-қон қызметінің аға инспекторы Қайырбек Балмағанбет, штаб тобының инспекторы Нұршат Мауытова газет редакциясына келіп, ұжымға полиция бөлімінің бастығы, полиция полковнигі Бауыржан Атабаевтың Алғыс хатын және сыйлығын табыстап, мерекемен құттықтады.

Ұқсас ақпараттар

Қазақстанның төрт қаласында ауаның жоғары ластануы күтіледі

admin_mugalzhar

Шетелдік автокөліктерді заңдастыру басталады

admin_mugalzhar

Иманбай ҚОСМҰХАНБЕТОВ, Ембі қаласы әкімінің орынбасары: БАҚ ӨКІЛДЕРІМЕН БАЙЛАНЫС – ХАЛЫҚҚА ЖЕТЕР СОНДА ІС

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.