«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Мықты адамдармен жұмыс істеу — ләззат сыйлайды

Асқар АҚТІЛЕУ, «Тілші» қоғамдық қорының жетекшісі:
Бүгінде «Тілші» жобасын дамытыпжатырмын. Шағынақпараттық сайт, медиа мектеп және қоғамдық қор жұмысын қатар алып келемін. Жұмысым өзіме қатты ұнайды. Уақыт жағынан алғанда еркін. Әрі қызықты. «Тілші» сайты жанынан Азаматтық журналистика мектебі жүріп жатыр. 10 адаммен онлайнформаттатұрақтыжұмыс істеп келеміз. Қызықты контент жасағандарға қаламақы да қарастырылған. Соңғы 1-2 жылда журналистика және қоғаммен байланыс тақырыптары бойынша жарты Қазақстанды аралап шықтым. Кәнігі кәсіби әріптестерім Айнұр Коскина мен Марат Садықов үшеуміз жақсы команда болыпжұмыс істепжүргенжайымыз бар. Негізі, мықты адамдармен жұмыс істеудің өзі ләззат сыйлайды. Журналистерді ғана емес, мемлекеттік қызметкерлерді, азаматтық қоғам өкілдерін де оқытып келеміз. Жалпы, журналистикадамәселекөп. Бірақ, қазір білімдінің заманы. Біз өзімізге артылған жүкті сезінуіміз керек. Билік, бизнес, тағыбасқаларсекілді біздіңсаланыңдатүсінген адамға өз миссиясы бар.
Бүгінде Қазақстан бойынша серіктес достарым көбейіп келеді. Иә, көптеген серіктестеріме дос ретінде қараймын. Соңғы уақытта Маңғыстаудағы Азаматтық Альянспентығызбайланысорнатыпжүрміз. Жетекшісі Жібек Ахметовадан, қарамағындағы Мөлдір, Гүлден, Айнұр есімді қызметкерлерінен көп нәрсе үйрендім. Әрине, қазіргі заманда үнемі ізденіс үстінде болу керек. Сол үшін де түрлі оқулардан қалмаймын. Тегіні бар, ақылысы бар, арзаныбар, қымбатыбар, елдегі тренингтер, шетелдегі семинарлар бар, үйрене беру керектігін түсінемін. Біздің жұмыс тек контент әзірлеу, тренингтер өткізу ғана емес, сонымен бірге, саяхаттауға да мүмкіндік береді. Жұмыс істеп жүріп, демалыптаүлгерукерек. Шүкір, түрік, қырғыз, өзбек, орыс, украин, тәжік әріптестермен араласып тұрамын. Сегіз сағат, бір айлық деген түсінікжоқ. Таңнан кешке дейін бір редакцияда тапжылмай отыру дегенге де көндіге алмадым. Сондықтанәріптестерімді «әрдайым жоба жасаңдар, үйренейік» деп «азғырып» жүремін.

Ұқсас ақпараттар

ЖҰМА КҮНІ ЖЕТІ ШЕЛПЕК ТАРАТУ ШАРИҒАТҚА ҚАЙШЫ МА?

admin_mugalzhar

«SPORT LIFE» — СПОРТ СҮЙЕР ҚАУЫМҮШІН

admin_mugalzhar

ОТБАСЫ-ТҰРМЫСТЫҚ ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚ — БАСТЫ НАЗАРДА

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.