«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

ТЕЛЕВИДЕНИЕ СИҚЫРЫ БАУРАП АЛДЫ

Мансур ЕСҚОЖИН, «Хабар» телеарнасының Ақтөбе облысындағы меншікті тілшісі:
1989 жылдың қыркүйек айында, сол кездегі аудан орталығы Ембі қаласының перзентханасындадүниегекелдім. Өскен жерім — Қаракөл ауылы. Шағын ғылым академиясы аталып кеткен Жұбановтар әулетінің топырағынан шықтым. Орта мектептің 9-класын тәмамдаған соң арман қуып, қарт Каспийдің жағасында орналасқан Ақтау қаласына аттандым. Сол жақтағы политехникалық колледждің менеджмент мамандығына оқуға түстім. Студенттік шақтың қызығы болашақ мамандығымды да анықтады. Бірақ білім алып жүрген саладан алшақ кетіппін. Жастардың басын қосатын үкіметтік емес ұйымдардың белсенді мүшесі болып жүріп, Маңғыстау арнасының редакторларымен танысудың сәті түсті. Сол кезде облыстық телеарнаның таңғы бағдарламасына жүргізуші қажет болатын. Бағымды сынамақ болып барғанымда ақпараттық бөлім басшысы, белгілі ақын Анар Шамшадинова кезігіп, жаңалықтар бөліміне шақырды. Сол сәттен бастап тележурналистикамен таныстым. Атам мен әжемнің, әкем мен анамның кітап оқуға құмарлығы маған дарығандығы жаңа саланы игеруге мұрындық болды деп ойлаймын. Одан кейін Анар Шамшадинова, Таңат Жолдыбаев сияқты кәсіби мамандардан тәлім алып, тәжірибежидым. Бұл 2007 жыл болатын.
Ақтөбеге оралып, жергілікті «Тандем» радиосының жаңалықтар бөлімінде редактор, музыкалық жүргізуші қызмет атқардым. Бірнеше бағдарлама авторы болудыңда сәті түсті. Өзі телевидениенің сиқыры бар. Бір рет бас сұққан адам қош айтысып кеткенімен, көп айналмай оралады екен. Мен де жергілікті «Ақтөбе» арнасының жаңалықтар бөліміне келдім. Белгілі журналистер Жаңалық Ахаш, Нұргүл Қалиева, Әлия Таласова, Венера Серғазина, Нұрлыгүл Көшекбаева, Гүлзия Сеитова, Айгүл Әділовалармен әріптес болып, тәлім-тәрбие алып, тележурналистиканың қыр-сырын меңгердім.
2011 жылдан бастап республикалық арнаның тілшісімін. Бірінші «Астана» арнасында, 2016 жылдан бастап «Хабар» арнасының Ақтөбедегі меншікті тілшісі боп қызмет етіп жүрмін. Туған жердің кереметін көпке жеткізуге тырысамын әрдайым. Мәселен, Жаңатұрмыс ауылындағы «Қуан құдығы» — Ахмет пен Құдайбергеннің әкесі Қуанның қазған құдығы туралы, жалпы Жұбановтар әулеті туралы ауқымды сюжет жарық көрді. Орқаш орманында өткен аңшыбалықшылар симпозиумы туралы баяндай келе, табиғаты тамылжып тұрған өлкенің туристтік ахуалы мол екендігін де көрерменге жеткіздік. Бүгінде «Хабар» арнасының облыстық қосынында еңбек етемін

Ұқсас ақпараттар

ӘЛЕУМЕТТІ ҚОРҒАУ ТЕҢ БОЛУЫ ТИІС

admin_mugalzhar

Қазақстанда ҚР Президентінің кезектен тыс сайлауы басталды

admin_mugalzhar

АУДАН АУМАҒЫНДА ЕКІ АЙЛЫҚ СЕНБІЛІК БАСТАЛДЫ

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.