«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

БАСТЫ МАҚСАТ — БАЛА ҚАУІПСІЗДІГІ

Қандыағаш қалалық №2 жалпы білім беретін орта мектебінде аудан әкімінің орынбасары Бекболат Құлмағамбетовтың төралығымен аудандық білім бөлімінің өндірістік кеңесі өтті. Кеңеске білім саласына қатысты барлық мекеме басшылары мен қызметкерлері қатысты.

Жиналыстың күн тәртібінде білім беру ұйымдарындағы тасымал мәселесі, яғни оқушылардың байқауларға, шараларға баруы және өрт қауіпсіздігі туралы мәселелер қозғалды.

Күн тәртібінің бірінші мәселесі бойынша аудандық білім бөлімінің басшысы Бахраман Аманжол баяндама оқып, басқа, өңірлерде жол-көлік оқиғаларының кесірінен оқушылар арасында қайғылы оқиғалардың көптеп орын алып жатқанын, осындай жағдайларды аудан аумағында болдырмау мақсатында қауіпсіздік жұмыстары үздіксіз жүріп жатқандығын жеткізді. Сондай-ақ бірқатар жарыстар мен байқауларға оқушылардың баруына уақытша шектеу қойылатынын айтып, ата-аналарға және білім қызметкерлеріне аудан әкімшілігінің рұқсатынсыз алыс-жақын жерлерге өз еріктерімен шықпауы қажеттігін қатаң ескертті. Ал екінші мәселе бойынша аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің басшысы Мақсат Рятов мұғалім мен сынып жетекшісі және мектеп оқушылары үшін қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқаулықтарды уақытында өткізудің маңыздылығын айтып, оқыс оқиға орын алған жағдайда дереу өрт сөндірушілер мен құтқарушыларға, 101 немесе 112 телефондары арқылы хабарласа алатындарын мәлімдеді. Сондайақ мұғалімдерге балаларға үнемі қауіпсіздік ережелерін таныстырып отыруды, ата-аналарға да балаларының үнемі қауіпсіздіктерін бақылап, жауапкершілік танытуларын тапсырды.

А.МАНАСБАЕВА

Ұқсас ақпараттар

СУ ТАСҚЫНЫНАН ЗАРДАП ШЕККЕН 62 МҰҒАЛЖАРЛЫҚ ОТБАСЫ МАТЕРИАЛДЫҚ ШЫҒЫНДЫ ӨТЕУГЕ ӨТІНІШ БЕРДІ

admin_mugalzhar

Тоқаев: Конституцияның 30-дан астам бабына өзгеріс енгізу керек

admin_mugalzhar

МӘСЛИХАТ ТӨРАҒАСЫ САЙЛАНДЫ

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.