«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

ХИРУРГ БОЛУДЫ АРМАНДАП, ЖУРНАЛИСТИКАНЫ ТАҢДАДЫМ

Әділбек ҚҰЛАМАН, «Астана ТВ» арнасында арнайы жобалар бөлімінің басшысы:
Мен Мұғалжар ауданындағы алпыс шақты түтіні бар Қожасай деген шағынауылдатуып-өстім. Солауылдың тоғыз жылдық мектебін 1998 жылыбітіріп, білімқуыпқалағакеттік. Осылай өмірдің өзені өз ағысымен Астанаға алып кетті. Бірақ, қайда жүрсек те, ауылды аңсаймыз, сағынамыз. Бақытқа толы балалық шағымның барлық естеліктері осы ауылдың ауасын жұтып, топырағына табаным тигенде еріксіз еске түседі. Перзент үшін дүниедегі ең ақылды, ең мәртебелі адам — оның ата-анасы. Ал, ең әдемі дежарық үй — оның туған үйі. Қазақтағы «қарашаңырақ» деген қасиетті ұғымбіздің санамызғабалакүнімізденсіңіпқалған. Себебі менің туып-өскен үйіме, қаршаңырақтағы қарт адамға, яғни әжеме сәлем беріп, туыстар жиі келетін. Сол қарашаңырақтағы қызықты сәттерді, бақытты балалық шақтарды ешқашан ұмыту мүмкін емес.
Біздің бала күнімізде ауылымыз бір алыста, қаладан өте қашық орналасқан сияқты болып көрінетін. Қазір айшылық алыс жерлерден жылдам хабар алғызатын дамыған заманда байланыс та, басқасыдабар, шүкір. Арман қуып, Ақтөбеге келгенде «медицина саласына барамын», «хирург боламын» деп армандаған едім. Алайда ауыл баласына ол мамандықты игеру оңайға соқпайтынын түсіндім. Себебі медицина мамандығы бойынша оқу құралдарының барлығы орыс тілінде. Сөйтіп, жаныма жақын мамандық журналистиканы таңдадым. Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетінің филология факультетіне журналистика мамандығына түстім. Сол оқу орнында оқып жүріп, алғашқы еңбек жолым үшінші курста «Толқын» радиосында басталды. Одан кейін облыстық телеарнаға шақырту алып, 2006 жылы «Қазақстан Ақтөбе» телеарнасына ауыстым. Ол жерде бағдарламалар бөлімінде редактор болып, бірнешебағдарламалардыжүргіздім, авторлық бағдарламаларды жарыққа шығардым. Кейін 2011 жылдың қаңтар айында Астанадан «Хабар» арнасындағы «Сонымен, солай дейік…» деген ток-шоудың басшылығы қоңырау шалып, жұмысқа шақырды. Осылай Елордаға келіп еңбек етіп жүргеніме он жылдан асып кетіпті.
Менің өмірлік ұстаздарым — әжем мен әке-шешем. Оларменің бойымдағы ең асыл қасиет — адалдық пен адамдықты қалыптастырды, білім алуыма мүмкіндік берді, жағдайымды жасады. Одан кейін әрине, өмірдің әр кезеңінде әр түрлі деңгейде, әр түрлі дәрежеде менің дамуыма, маман болып қалыптасуыма үлес қосқан ұстаздарым көп. Мәселенауылмектебіндегіалғашқы ұстаздарыммарқұмБектұрсынапайым мен Қарлығашқали ағайымның және Гүлайым, Қалампыр апайларымның еңбегі ерен. Қандыағаш мектебінде сынып жетекшім Әнуза Нұрмағанбетова апайымның қамқорлығы, қолдауы ерекше болды. Университет қабырғасында білікті журналистер Аманғали Сәтер, Әмір Оралбай, Баян Сәрсембина, Сәтжан Дәрібай, Гүлнар Қараша, Құралай Қуатова сынды мамандардан журналистиканың қыр-сырын үйрендік. Қазіргі таңда Елордадағы «Астана ТВ» арнасында арнайы жобалар бөлімінің басшысы болып қызмет істеймін. Бұл қызметке осы жылдың сәуір айында келдім. Оған дейін «Хабар» телеарнасында редактор, шефредактор, продюсер, жоба жетекшісі болып жұмыс істедім. Республикалық арнадағы «Сонымен, солай дейік…», «Біз», «Орталық Хабар», «Бетпе-бет», «Жекпе-жек», «Бенефис-шоу», «Ана мен бала», «Баспанаға бағыт», «Біздің назарда» бағдарламаларында жауаптыжұмыстардыатқардым. Тікелей эфирде телемарафондар ұйымдастырып, түрлі тақырыптағы деректі фильмдер дайындауға атсалыстық. Осы атқарған еңбегім еленіп, «Ақпарат саласының үздігі» төс белгісімен марапатталдым. Осы еңбектің барлығы ел игілігіне жарап, көрерменге көмегіміз тиіп, оқырманға ой салып жатса, журналист жұмысының жемісі осы.

Ұқсас ақпараттар

МҰҒАЛЖАР АУЫЛЫНА ГАЗ БЕРІЛЕДІ

admin_mugalzhar

Баянды бастамалар жылы – Берік Уәлимен сұхбат

admin_mugalzhar

Ардагерлер мен тыл еңбеккерлері пойызбен тегін жүре алады

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.