«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

ҚАНДЫАҒАШТА САЙЛАУ ӨТУДЕ

Қандыағаш қаласында аудандық мәслихаттың шығып қалған депутатының бос орнына қайта сайлау науқаны өтіп жатыр.

Жергілікті тұрғындарға болашақ халық қалаулысын таңдауы үшін қаладағы Қандыағаш қалалық №4 ЖББОМ-де №308 сайлау учаскесі жұмыс істеу үстінде.
Жалпы, аудан бойынша сайлауға түсуге 3 үміткер өтініш білдірген. Ал сайлаушылар тізімінде 2420 тұрғын бар. Олар таңдаған үміткеріне дауыс беру үшін сайлау учаскесіне келіп, өз таңдауларын жасауда.
Ең алғашқы екі сайлаушы сағат таңғы 7:05-те келген. Сайлаудың өту барысы бақылаушылардың жіті қадағалауында.
-Аудан бойынша депутаттыққа 3 кандидат түсті. Сайлау өз деңгейінде заңға сәйкес өтіп жатыр. Ешқандай заң бұзушылық деректері тіркелген жоқ,-дейді №308 сайлау учаскесінің төрағасы Гүлмира Мусина.

Ұқсас ақпараттар

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың су тасқыны салдарынан қалыптасқан ауыр жағдайға байланысты үндеуі

admin_mugalzhar

Ақтөбе облысында «Таза Қазақстан» жалпыұлттық акциясы жалғасуда

admin_mugalzhar

«Таза Қазақстан»: «Киелі мекен» акциясы аясында 12 тонна қоқыс жиналды

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.