«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

2022-2023 оқу жылына бөлінген гранттар тізімі жарияланды

2022-2023 оқу жылына бөлінген білім гранттары тізімі жарияланды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Магистратураға түсуге 13 мыңнан аса грант, докторантураға 1800-ден аса грант бөлінген.

2022-2023 оқу жылына мамандықтар бойынша бөлінген білім беру гранттары тізімі Ұлттық тестілеу орталығының веб-сайтында жарияланды: бакалавриат, магистратура, докторантура.

«2022-2023 оқу жылында бакалавриатқа қабылдау үшін министрлік 73 мыңға жуық грант бөлді. Ең көп грантты «Машина жасау, өңдеу өнеркәсібі, құрылыс индустриясы» білім беру бағдарламалары тобы алды, саны — 17 794 грант. «Педагогикалық ғылымдар» – 10 810 грант, «Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар» – 9 103 грант, «Жаратылыстану, математика және статистика» – 6 288 грант.

Техникалық салаларға ерекше назар аударылды, онда мемлекеттік тапсырыстар үлесі 60 пайызға дейін ұлғайтылды», — деді Ғылым және жоғары білім министрлігінің баспасөз қызметі өкілдері.

Ұқсас ақпараттар

Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Конституция күнімен құттықтады

admin_mugalzhar

Ақтөбелік әйел пәтер жалдап, теріс ағымды насихаттап келген

admin_mugalzhar

ҚАДІР-ҚАСИЕТКЕ ТОЛЫ РАМАЗАН АЙЫ

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.