«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

АУДАН ӘКІМІНІҢ КЕЗДЕСУІ МҰҒАЛЖАР АУЫЛЫНДА ЖАЛҒАСТЫ

Өткен жарты жылдықта ауданда және ауылдық округте атқарылған жұмыстар бойынша есеп берді.
Мұғалжарда газдандыру жұмыстары жалғасуда, ауылішілік газ жүйесінің 18 шақырымның 13,5 шақырымы қазылып, құбырлары салынды. Ембі-Мұғалжар жеткізуші газ құбырының 40 шақырымның 10 шақырымы қазылып, құбыр жүйелері салынуда.
Мұғалжар ауылында клуб салу үшін жер орны белгіленіп, жоба дайындалды, мердігерді анықтау үшін конкурс өткізілуде.
Ауылдың Қазақ ауыл және Тасбұлақ бөліктеріне орталықтандырылған ауыз су тарту үшін жоба жасалуда. Ауылды электр қуатымен сапалы қамтамасыз ету мақсатында электр жүйесін жаңарту үшін жоба жасалынып, келесі жылы іске асырылады.
Мектеп, балабақша, әкімдік сұйық отынмен тамыз айында қамтамасыз етіледі.
Осы елді мекенде орналасқан қиыршық тас өндеу кәсіпорындарын газбен қамтамасыз ету үшін ортақ жоба жасау мәселесі талқыланды. Сәуір айындағы кездесуде айтылған мәселелер бойынша кәріз жүйесі (канализация) қалпына келтірілді, қоқыстар шығарылды, қиранды үйлердің орындары тазартылды.
Балабақшаның төбесін жөндеу аудандық білім бөліміне тапсырылды. Тұрғындар тарапынан айтылған сауалдарға жауап берілді және оларды іске асыру үшін жұмыс жоспарына енгізіледі.

Ұқсас ақпараттар

«ПАТРИОТТЫҚ ӘНДЕР — 2022» БАЙҚАУЫ ӨТТІ

admin_mugalzhar

Қазақстанның бірқатар өңірінде жел күшейіп, көктайғақ болады

admin_mugalzhar

Дәрігерлер 5 жастағы баланың бүйрегінен шаш түйрегіш алып шыққан

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.