«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Қазақстанда 2027 жылға қарай шахмат мектептерде міндетті пәнге айналады

2023 жылдан бастап кейбір қазақстандық мектептерде шахмат жаңа факультативтік пән ретінде оқытылады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Жыл сайын мұндай мектептер саны артып, кейіннен шахмат сабағы мектеп бағдарламасына енетін болады.
Бұл туралы Қазақстан шахмат федерациясының вице-президенті Дәрмен Сәдуақасов айтып берді.
Федерация 2027 жылға қарай шахмат Қазақстанның барлық аймақтарында міндетті пәнге айналады деп жоспарлап отыр.
Мұндай ауқымды жоспарды жүзеге асыру үшін ұстаздарды дайындау қажет. Ол үшін еліміздегі педагогикалық жоғары оқу орындары арнайы кафедралар ашуды көздеп отыр.
«Біздің мақсатымыз – Қазақстанда шахматты танымал ету және мүмкіндігінше көп бала ойнауға мүмкіндік беру. Шахмат көп нәрсені үйретеді және әділ бәсекелестік пен меритократия қағидаттарын сіңіреді», — деді Дәрмен Сәдуақасов.
Бүгінде елімізде 50 мыңнан астам бала шахмат ойнайды.
«ArtSport» мемлекеттік бағдарламасы балаларға әрі қарай тегін үйірмеге қатысуға мүмкіндік береді деп үміттенеміз», — деп қосты Сәдуақасов.

Ұқсас ақпараттар

ӘЗІЛІМІЗ ПРАНКСЫЗ ЖАРАСПАЙТЫН БОЛҒАНЫ МА?

admin_mugalzhar

МҰНАЙШЫЛАР БОЛАШАҚҚА ТАҢДАУ ЖАСАДЫ

admin_mugalzhar

Ажалың мен бейнетің 700 теңге

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.